Шымкентте 3 жасар бала жоғарғы қабаттан құлап кетті

Оқиға Сайрам шағынауданында болды.

Шымкентте 3 жасар бала жоғарғы қабаттан құлап кетті
ашық дереккөз

Шымкентте үш жасар бала 4-қабаттан құлап кетті.

Ата-анасының қарауынсыз қалған 2020 жылы туған бүлдіршін 4-қабаттан құлап түскен. Қазір ол Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық балалар ауруханасына жатқызылды. Жағдайы ауыр.

Оған мидың шайқалуы, жіліншіктің жабық сынуы, іштің доғал жарақаты диагнозы қойылып отыр.

«Алдын ала болжам бойынша, бала москит торына сүйеніп, сонымен бірге құлап кеткен. Осы уақытта анасы басқа бөлмеде болған. Құрметті ата-аналар! Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.