Ақмола облысында тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды

Дәрігерлер «суық тигізіп алған» деп, оны тұмаудан емдеген.

Ақмола облысында тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды
Ашық дереккөз

Ақмола облысында тісін жұлдыртқан жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.

Жеткіншек тамыз айында Көкшетау қаласының іргесінде орналасқан Красный Яр елді мекеніндегі ауруханаға барған. Содан кейін дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсқан. Алайда дәрігерлер «суық тигізіп алған» деп, оны тұмаудан емдеген. Одан жағдайы жақсармаған соң, жеткіншектің өзі де бірнеше рет тісін жұлған стоматологқа жүгінген. Дегенмен ақ халаттылар антибиотик жазып беріп, үйге жіберді, дейді анасы. Салдарынан жасөспірімнің жағдайы күннен-күнге нашарлап, комаға түсіп, он күннен кейін жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

«Аталған мәселе бойынша Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі жанынан арнайы комиссия құрылды. Медициналық талаптарды бұзушылық анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады. Дегенмен әлі де дәрігерлерді толықтай кінәлау ерте. Комиссия шешімі шыққаннан кейін барлығы белгілі болады», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Кәмила Әбделманова.