«Жаман келіншек қайдан шығады?»: Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ене мен келін туралы

Актриса жақында көпшілік арасындағы тараған сұраққа жауап беріп, күйеуін көрсеткен болатын.

«Жаман келіншек қайдан шығады?»: Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева ене мен келін туралы
Фото: ашық дереккөз

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әлеуметтік желіде ене мен келін тақырыбында сөз қозғады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қыз кезінде бәрі жақсы. Жаман келіншек қайдан шығады? Біз осы өз-өзімізден жаман боламыз ба? Күйеу мен қайын жұрт жақсы болса, енең жақсы болса, неге келін бір өзі жаман болады? Қызыңды еркелетіп, төрге отырғызып, мәпелеп өсіресің. Бір жігіт «Ғашықпын» деп алып кетеді. Сөйтіп босағасына отырғызып қояды. Қайын жұрттың ортасына түсесің. Басында араласасың, кейін арпалысасың. Осының бәрінің шешімі ұлдың анасында. Яғни, ене өзінің бір үйдің қызы болғанын естен шығармауы керек», - деп жазды актриса Instagram парақшасында.

Актриса жақында көпшілік арасында тараған сұраққа жауап беріп, күйеуін көрсеткен болатын.