Түркістандық ана он бірінші перзентін өмірге әкелді

20 қыркүйек күні №1 облыстық перинаталдық орталықта 40 жастағы келіншек он бірінші баласын дүниеге әкелді.

Түркістандық ана он бірінші перзентін өмірге әкелді
Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы

Медицина мамандарының сөзінше, сарыағаштық Айнагүл бұл жолы да отасыз, табиғи жолмен босанған. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұған дейін Айнагүлдің отбасында 5 ұл, 5 қыз болды. Енді олардың қатарына Мұстафа есімді ұл қосылды. Балалардың үлкені – 21 жаста. Отағасы Сарыағаш ауданына қарасты Нұрлы жол ауылында бас имам қызметін атқарады.