Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Билікте болған ауыс-түйіс.

Елімізде апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар
Ашық дереккөз

Өткен аптада билікте бірқатар кадрлық тағайындаулар болды, деп жазды turkystan.kz.

Президент Жарлығымен Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі, Ұлыбек Тналиев Ақтау қаласының әкімі лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына, Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды.

Үкімет қаулысымен Айжан Әділқызы Бижанова ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі, ал Данияр Жаналинов Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болды.

Сондай-ақ ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Камалов Рамиль Фаткулович Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Одан бөлек, Ерік Сарыбаев Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Нұрғали Жүнісов Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Нұрлан Жаңабаев Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.