BBC World News арнасындағы Түркістанның жарнамасы үшін 63,4 млн теңге жұмсалған

Бейнеролик екі апта бойы кемінде 50 рет көрсетіледі.

BBC World News арнасындағы Түркістанның жарнамасы үшін 63,4 млн теңге жұмсалған
Видеодан алынған кадр

BBC World News арнасындағы Түркістанның жарнамасы үшін 63,4 млн теңге жұмсалды, деп хабарлады turkystan.kz "Тіл кеспек жоқ" telegram арнасына сілтеме жасап.

Жоғарыдағы бейнеролик BBC World News арнасында екі апта бойы кемінде 50 рет (баннер сайтта кемінде 300 мың рет) көрсетіледі. 

Облыстық туризм басқармасы өкілдері “бұл өңірдегі туризмді дамытуға ықпал етеді” дейді.