Қаптамадағы шайдан белгісіз таблеткалар табылғаны рас па?

Қаптамадағы шайдан белгісіз таблеткалар табылғаны рас па?

Қаптамадағы шайдан белгісіз таблеткалар табылғаны рас па?
ашық дереккөзі

Instagram әлеуметтік желісінде әйелдер Beta Tea фирмасының шайының қаптамасын ашып, оның ішінен белгісіз ақ капсулалар тапқан видео тарады. Автордың айтуынша, бұл адамды өлтіретін ұсақталған таблеткалар. Алайда мұның бәрі шындыққа жанаспайды, деп хабарлады turkystan.kz. Stopfake.kz Beta Tea фирмасының пакеттегі шайындағы ақ «таблеткалар» туралы хабарламаларды Ресей тұрғындары 2020 жылдың басында таратқанын мәлім етті. Аталған өндірушінің шайы Қазақстанда да сатылатындықтан, бұл роликтер елімізде де жарияланып жатыр. Аса қауіпті таблеткалар туралы видео 2020 жылы жоққа шығарылған. Шай пакеттеріндегі ақ бөлшектер таблетка емес, хош иістендіргіштер. Олардың көбі ұшпа қосылыстар және аз уақыттың ішінде жойылады. Шайдың хош иісін ұзақ уақыт сақтау үшін хош иісті қоспалар ақ түсті крахмалмен біріктіріледі. Дәл осы түйіршіктерді қолданушылар таблетка деп қателескен.  width= Айта кетейік, Қазнетте таралған видеода пайдаланушылар «лимон және жалбыз» хош иісі бар шайды тексереді. Ал Рунетте танымал болған басқаларында бергамот қосылған шай пакеттері ашып көрсетіледі. Хош иістендірілмеген шай көрсетілген «таблеткалары» бар роликтер жоқ. Қорыта айтқанда, видеода белгісіз қауіпті таблеткалар емес, пакеттелген шайдың бөлігі ретінде крахмалға қосылған хош иістендіргіштің түйіршіктері көрсетілген.