«Оңтүстік-Шығыс» қазандығы іске қосылады

«Оңтүстік-Шығыс» қазандығы іске қосылады

«Оңтүстік-Шығыс» қазандығы іске қосылады
ашық дереккөзі

Қалада жайлы өмір сүру тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысына тікелей байланысты. Астана қаласында тұрғындар санының жыл санап артуы тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының дұрыс жұмыс істеуін, қажет жағдайда жаңасын салуды талап етеді. Былтыр «Тұран» және «Оңтүстік-Шы­ғыс» газ жылу станцияларын 2023 жыл­дың жы­­лыту маусымынан бастап іске қосу жос­пар­ланған болатын. Биылғы жылу беру мау­­сымының басында «Оң­түстік-Шығыс» газ қазандығы іске қо­сы­лып, үйлерге, ны­сан­­­дарға жылу бере бастайды. Осылайша жылу­мен жабдық­тау көлемі едәуір артып, құры­­лысы қызу жүріп жатқан болашақ ау­дан­­дар жылу­мен қамтылмақ. Ал екінші «Тұран» газ қа­зан­дығы келесі жылдың соңын­да тап­­сырылады. Оның жылу қуаты – 700 МВт, ол 8 млн шаршы метр тұрғын үй­­ді жы­лыта алады. Жалпы жаңа газ жылу стан­ция­лары­ның қуаты ЖЭО-3 қуа­ты­нан асып түседі. Бұған дейін жылуға тек электр қуа­ты жұм­салса, енді іске қосы­ла­тын газ қа­­­­зан­­дықтары жұмысты жеңіл­детеді әрі ре­сурсты үнемдейді.

– Елорданы аралау барысында «Тұран» жә­не «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стан­ция­­­­лары­ның құрылысымен таныстым. Олардың қуаты құрылысы ұзаққа созыл­ға­н ЖЭО-3-тен асып түседі. Бұл газ жылу станцияларын ағымдағы жылыту маусы­мын­да кезең-ке­зеңімен іске қосуды жос­пар­лап отырмыз. Сонымен қатар мердігер­ге ЖЭО-3 құры­лысын биыл аяқтау міндеті жүк­телді. Осы ша­ралардың бәрі жылумен жаб­дықтау кө­лемін едәуір ұлғайтуға, сол сияқ­ты бола­шақ­та құрылыс жұмысы жүре­тін аудандарды жылу­мен қамтуға мүм­кін­дік береді, – деді Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Ал ЖЭО-3-ке тоқталар болсақ, қалаға қа­­жетті нысанның ұзақ құрылымды екені бел­­гілі. 2023 жылы ЖЭО-3 жұмысын іске қосу міндеті қойылды. Қуаты – 3,5-4 млн шар­­шы метр тұрғын үй. Жақында қала әкімі Жеңіс Қасымбек қа­­ладағы жылу мәселесі туралы: «Биыл 2 газ жылу стансасы іске қосылып, өз жұ­мы­сын бас­тайды. Бұл 2 станция 600 гкал/сағ жылу бере­ді. Ол жұмыстарды тамыз айын­да бітіре­міз деп жоспарлап отырмыз. ЖЭО-3-тің бірін­ші кезеңі биыл бітеді. Мұн­да 5 қазандық қосымша 400 гкал/сағ жылу береді. Екі газ жылу стансасы мен ЖЭО-3 беретін жылу 3-4 жыл­ға жеткілікті бо­лады», – деген еді. Қала әкімдігі 2024 жылға қарай 300 мың тұр­ғын көгілдір отынмен қамтыла­ты­нын мә­лімдеді. Қазір Алматы және Са­рыар­қа ау­дан­дары толықтай газға көшіріл­ген. 2019 жылы басталған газдандыру жұ­мысы бүгінде қар­қынды жүріп жатыр. Мә­селен, Қызылор­да­дан Астанаға тар­тыл­ған құбырдың 650 ша­қырымы жұмыс істеп тұр.