Топ жарған таланттар

Топ жарған таланттар

Топ жарған таланттар
ашық дереккөзі

Елімізде өнертапқыш балалар саны жылдан-жылға артып келеді. Олардың ғылымды, инновацияны да­мытуға деген қызығушылығы жоғары. Талантты оқу­шы­лардың инновациялық жобалары әлемдік байқаулардан да топ жарып жүр. Биыл ақпан айында «Дарын» республикалық ғылыми-прак­тикалық орталығы мен Ustem robotics қоры еліміздің аймақтарынан және көршілес Қырғыз Республикасы, Өзбекстаннан 1200 оқушы қатысқан Central Asia first Championship халықаралық чемпионатын ұйымдастырған болатын. Жарыс үш жас санаты First lego league Explore (6-10 жас), First lego League Challenge (10-16 жас), First tech Challenge (12-18 жас) бойынша өткізілді. Биылғы маусым энергия та­қырыбына арналды. Балалар роботтарды бағдарла­ма­лап құрас­тыру­мен қатар, ин­­но­вациялық жобада жұмыс істей оты­рып энергия саласының өзекті мә­се­ле­леріне инженерлік шешім­дер шығарды. Жа­рыста оза шап­қан 9 команда АҚШ, Үнді­стан, Ауст­ралия, Мароккода өтетін дү­ние­жү­зілік чемпионаттарға жол­дама алды. Соның бі­рі Шымкент қа­лалық химия-биология бағы­тын­дағы Назарбаев зияткерлік мек­тебінің Clutch командасы элек­тр энергиясын өндейтін ро­бот жасап, І-орынды иеленді. Осы­­лай­ша, олар дүниежүзі бойын­ша АҚШ-та өтетін ро­бо­то­тех­ника­ның халықаралық чем­пионатына жол­дама алған бола­тын.  width= Кеше аталған мектептің 9-сы­нып оқу­шы­лары Американың Вус­тер қаласында өткен Әлем чем­пионатында Innovation Project но­ми­нациясы бойынша III-орын­ды жеңіп алды. Сон­дай-ақ әділ­қа­зы алқасы жобаға қатысу­шылар­дың инженерлік дағдыларды, ұлт­тық ерек­шеліктер мен мықты ауыз­біршілік көрсет­ке­нін ерекше атап өтті. Турнирге әлемнің 25 елі­­нен 75 команда, барлығы 700 оқу­шы қатыс­қан. Халықаралық додаға біздің жас ғалымдар жел генераторы мен күн панельдерінен алы­на­тын элек­тр энергиясын сақтауға мүмкіндік бе­ре­тін инновациялық жо­ба ұсынған болатын. Hydropump accumulation деп аталған жо­баны сәт­ті қорғаған таланттар ел намы­сын қолдан бер­мей, көк туы­мыз­ды желбіретіп қайтты.

– Жоба жел турбиналары мен күн бата­рея­ла­­­рынан алынған ар­тық энергияны электр энер­­гия­сына айналдыру арқылы үнем­деу­ді көз­дейді. Біздің зерттеуіміз бойын­ша, қала сыр­тындағы кең­седе­гі жел қондырғыларының күн панельдері айына 6 600 киловатт сағат энер­­гия өндіреді. Ал 50 қыз­мет­кері бар кең­се­нің өзі 6 000 ки­ловатт сағат энергия пайдала­на­­ды. Нәтижесінде, 600 киловатт-са­ғат энер­гия қалды. Бұл мәселені ше­шудің бірнеше жо­лы болды. Мы­салы, гравитациялық бата­рея­лар, жылу батареялары және суға арналған ре­зервуарлар. Ал біз бұл мәселені шешуде су ы­дыстары қолайлы деген қорытындыға кел­дік, – дейді команда мүшесі Арнұр Дәулет.
Су қоймалары энергияны сақ­тау кезінде жо­ғары тиімділікке ие әрі әмбебап. Оларды кез келген жер­­де орнатуға болады. Су қой­ма­лары бір-бірінің үстіне тігінен ор­на­ласқан 30 тон­налық екі ре­зер­­вуарды қамтиды. Артық энер­­гия суды сорғының көмегімен төменгі ре­зер­вуардан жоғарғы ре­зервуарға көтеру үшін қол­да­нылады. Егер сізге энергия қажет бол­са, су қайтадан түседі. Резервуарлар арасындағы қа­шық­тық 9 метр. Жоғарғы ре­зер­вуардағы судың потен­циал­дық энергиясы 750 киловатт сағат бол­са, ал генератор 630 киловатт са­ғат­ты құрайды. Бұл жобаның тиім­ділігін 75 пайызға арттыра­ды.
– Біз ұсынған технологияны қа­ла сыр­тын­да немесе шаруа қо­жа­лықтарында қолдану өте тиім­ді. Мысалы, егер бір отбасы айына ша­ма­мен 300-400 киловатт жұм­са­са, онда бұл кон­струк­ция 450 ки­ловаттқа дейін өндіре алады. Пай­даланбаған бөлігін басқа сала­лар­ға жіберуге де мүмкіндік бар, – деп пі­кір бөлісті топ жетек­шісі Сан­жар Сартаев.
Күн, жел және судан электр энер­гиясын өндіріп, артық шы­ғын­дарды үнемдейтін «Авто­номды үй» жобасы жетекші универси­тет­тер, сондай-ақ мемлекеттік ұйым­дар мен компа­ния­лардың тек­серуі­нен өткен. Жобаның құны да бел­гілі. Мысалы, шар клапаны 1 800 АҚШ доллары тұрады. Ал ре­зерв резер­вуар­лар 2 000 доллар, сор­ғылар 1 300 доллар, жақтаулар 4 125 доллар тұрады. Орнату жұ­мыс­тарының шығынын қоса есептегенде барлығы 12 500 дол­лар. Америкада бұл жоба іске асы­рылса, 80 ай ішінде өз құнын ақ­тап шығарады екен. Команда былтыр желтоқсан айын­да құ­рыл­ған. Құрамында 8 оқу­шы бар. Олар чем­пио­натқа жар­ты жылдан астам уақыт дайын­далған.
– Оқушыларым маған өз идея­сын ұсынып, жүзеге асыру мүмкін бе деп сұрады. Әдетте мен жоба­ның болашағы жоқ екенін көрсем бірден айтамын. Өйткені кей оқушылар ақшасы көп жобаны ұсы­нады болмаса жұмыс істемей­тін жобаларды айтады. Ал бұл идея менің де көңі­ліме қона кетті. Күн­нен, судан алынған артық энер­­гияны неге тиімді пайда­лан­басқа? Электр энергиясын сақ­тау­ға мүмкіндік беретін инно­ва­ция­лық жобаға бағыт беріп отырдым. Мұ­хит асып Америкаға барып, діт­теген мақсаттарына жеткен шә­кірттеріммен мақтанамын. Өйт­кені оқушыларым өте ізде­нім­паз, жаңашыл. Дұрыс бағыт беріп, жөн сілтесең, соны жан-жақты зерт­теп, нәтижесін алып келеді. Өздері бір-бірін тауып алған дер­сің. Шешендік, конструк­тор­лық, зерттеушілік қабілеттері жоғары. Ғылымға деген ынталары күшті. Бола­шақта олардан бір-бір мықты маман шығатынына сенімдімін. Ендігі жерде олар өзге оқушы­лар­мен өз тәжірибесін бөлісетін бо­ла­ды. Келесі жылы мұндай халық­ара­лық жобаларға 3-4 команда жа­сақтауды мақсат етіп отырмыз, – деді жоба жетекшісі Бейбарыс Тоқжанов.
Кез келген жетістік шағын қа­­дамдардан басталады. Осылай­ша, жас ғалымдар жаңа тех­но­ло­гия­ларды дамытуға үлес қосады. Тех­никалық білімді алуға ұмтыл­ған жастар болашақта ІТ маман­дар мен инженерлер мен ғалым­дар санының көбеюіне, Қазақстан ғылымының өркендеуіне ықпал етері анық. Өйткені отандық эко­номика техникалық маман­дар­ға зәру. Жүлделі оралған жастардың жо­ба жетек­шісіне алғысы шексіз. Алғашында идея түрінде айтылған жобаның аймақ, республика, әлем бойынша үздік деп танылуына информатика пәні мұғалімінің қос­қан үлесі зор. Америкадағы әділқазы алқа­лары біздің оқушылардың инже­нер­лік дағдыларымен қатар ұлт­тық ерекшеліктерді де назардан тыс қалдырмағанын ерекше атап өткен.
– Жарысқа біз арнайы ұлттық киім­дері­міз­ді киіп шықтық. Осы арқылы біз әлемге қай мем­-ле­кет­тен келгенімізді көрсетіп, мақ­тан­ғы­мыз келді, – дейді топ мүшесі Арайлым Әбді­сат­тар.
Жастар жарыс арасында Мас­са­чусетс тех­нологиялық инс­титу­ты, Бостон универ­си­теті және ең танымал, беделді университеттің бірі Гарвардты аралап, профес­сор­лармен танысып, сұхбаттасқан. Мұн­дай кездесулердің жастар жа­дында мәңгіге сақталары сөзсіз. Ғы­лым мен инновацияны дамы­туға қызығатын таланттар бола­шақ­та мемлекетке тың серпіліс әкелері анық.

А.Бимендиева