Ұлттық қордан балаларға қаражат бөлінеді

Ұлттық қордан балаларға қаражат бөлінеді

Ұлттық қордан балаларға қаражат бөлінеді
ашық дереккөзі

14 маусымда Мәжіліс депутаттары Ұлттық қордан балаларға қаражат бөлу мәселелері қарастырылған заң жобасына енгізілген түзетулерді бірінші оқылымда қарап, мақұлдады. Жоба Президенттің тапсырмасы аясында әзірленген. Нақтырақ айтқанда, 18 жасқа толған ба­лаларға Ұлттық қордың жыл сайынғы инвести­циялық кірісінен ақшалай жинақ түрінде мемлекеттен алғашқы көмек бе­рілмек. Деген­мен қаражатты тек кәмелеттік жасқа толғанда балаларға тұрғын үй жағ­дайын жақсарту, яғни баспана алуға немесе білім алу үшін қолдануға мүмкіндік бар. Төленетін ақшаға салық салынбайды. Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қа­ражат 10 жыл бойы сақталады. Көр­се­тіл­ген кезеңде азамат тарапынан талап етіл­ме­ген жағдайда шоттағы қаражатты сол адам­ның зейнетақы шотына аудару ұсы­нылып отыр. Жобаға қатысу үшін қандай да бір мем­лекеттік органға жүгінудің қажеті жоқ, есеп­теулер автоматты түрде жүзеге асы­ры­лады, есепке алуды БЖЗҚ жүргізеді. Заң жобасы және оның орындалу механизмінің кейбір мәселелерін депутат Үнзила Шапақ мәлімдеді. Үнзила Шапақ, Мәжіліс депутаты: Жастардың бастапқы капиталын қалыптастыруына мүмкіндік береді

– Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өтпелі кезеңде тап болған экономикалық қиындықтарды еңсерген тұста, 2000 жылы тамыз айында болашақ ұрпақ игілігіне ар­нал­ған Ұлттық қор құрылғанын білесіздер. Ұлттық қордың мақсаты – еліміздің табиғи байлығы – минералды ресурстар есебінен бо­ла­шақ ұрпақ игілігіне арналған қара­жат­ты жинақтау. Қазір Жаңа Қазақстан – Әді­лет­ті Қазақстан қоғамын баршамыз бірге құр­ған кезеңде ең негізгі келелі мәселе­лер­дің бірі – ұлттық байлықтың теңдей бө­лінуі. Бұл ретте Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2024 жылдан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жо­­басын іске қосудың негізгі тетіктері әзір­­лен­ді. Әзірленген жобаға сәйкес Ұлттық қор­дың инвестициялық табысының жартысын жыл сайын екі мақсатта пайдалану үшін кә­мелет жасына толмаған балаларға тең­дей бөлу ұсынылып отыр. Бірінші – тұрғын үй жағдайларын жақ­сарту немесе тұрғын үй сатып алу. Бұл мақ­­­­­сатта қаражатты тек Қазақстан аума­ғын­да пайдалануға рұқсат етіледі. Екінші – білім алу. Бұл мақсатта бала­ның ел ішіндегі оқу орындарымен қатар ше­т­елдік оқу орнында да оқу ақысын тө­леуін шектемеу қажет деп пайымдаймыз. Бір сөзбен айтқанда, бұл кәмелетке жаңа тол­ған қазақстандықтардың ересек өмірге қа­дам басқан кезінде бастапқы капиталды алу­ға мүмкіндік береді. Бұл жас ұрпақтың дү­ние дидарын кеңінен тануына жол аша­ды. Қазақстан Республикасының аза­мат­ты­ғынан айырылған, жоғалтқан не ауыс­қан кез­де төлемдерге талап қою құ­қығы да жойы­лады. Ұсынылған жобаның негізгі ерекше­лік­теріне тоқталып өтейін. Әуелде айтып өт­кен­дей, Ұлттық қордың инвестициялық та­­­бысының 50 пайызы 18 жасқа дейін бар­лық жастағы балалар арасында теңдей бөлінеді. Инвестициялық табыстың теріс мәндерін болдырмау мақсатында оның 18 жылдағы орташа жылдық мәнін алу (2,6 пайыз мөлшерінде) жоспарланып отыр. Осы заң жобасы шеңберінде Мәжіліс депу­тат­тарының бастамашыл тобы мемлекеттік ор­гандармен бірлесіп, 6 кодекс пен 10 заңға толықтырулар мен өзгертулер әзірледі. 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қа­ра­жат 10 жыл бойы сақталады. Көрсе­тіл­ген кезеңде азамат тарапынан талап етіл­ме­ген жағдайда шоттағы қаражатты сол адам­ның зейнетақы шотына аудару ұсы­ны­лып отыр. Жобаның негізгі тәсілдері «Ба­лалардың құқықтары туралы» заңда және Бюджет кодексінде айқындалған. Жобаны іске асыру тетіктеріне қыс­қа­ша тоқталып өтсем, Ұлттық қор қызметінің есеп­ті жылдағы нәтижелері туралы жыл­дық есеп әзірленеді және Мемлекет бас­шы­сы­ның Жарлығымен бекітіледі. Ұлттық банк орташа инвестициялық табысты есеп­тейді және оны БЖЗҚ-ға жеткізеді. БЖЗҚ қатысушылардың саны мен тізімін жасау үшін жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасынан балалар бойынша қажетті ақпаратты алады. Қатысушылардың тізі­мін алып, Ұлттық банктен ұсынған ақ­парат негізінде есеп жүргізеді. Жобаға қа­тысу үшін қандай да бір мемлекеттік ор­ган­ға жүгінудің қажеті жоқ, есептеулер ав­то­матты түрде жүзеге асырылады, есепке алуды БЖЗҚ жүргізеді. Салық салынатын базадан төлемдерді алып тастау бойынша қажет­ті нормаларды Салық кодексінде же­ке көздеу жоспарланған. Әлеуметтік жо­ба­ларды іске асыру бойынша көпжыл­дық ­тәжірибені және мемлекеттік дерек­қор­лармен жедел ықпалдасу мүмкіндігін ес­кере отырып, жоба операторы ретінде «Бірың­ғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ белгілеу жоспарланып отыр.
Депутаттар заң жобасына қатысты өз ұсыныстарын айтып, сауалдарын қойды. Қаржы министрлігі мен Ұлттық банктің ресми өкілдері де сұрақтарға жауап берді. Ұсыныстар мен кей мәселелер қаралып, талқыланатыны айтылды.