Әсем ҚАЙДАРОВА: Бақытты отбасы экономикаға оң әсер етеді

Әсем ҚАЙДАРОВА: Бақытты отбасы экономикаға оң әсер етеді

Әсем ҚАЙДАРОВА: Бақытты отбасы экономикаға оң әсер етеді
ашық дереккөзі

Отбасы – шағын мемлекет. Оның іргесінің берік қалануы, шаңырағының биік, кере­гесінің кең, уықтарының нық болуы тәрбиеге тікелей байланысты. Ұлттың ұлт болып ұйысуы, қо­ғам­ның алға қарай дамуы, мемле­кет­тің өркен­деуі­не де отбасылық құн­ды­лық­тың тигізер әсері мол. Нарықтық эко­номика қыспаққа алып тұрған кезеңде отба­сын қалай сақтау керек, ата-ана мен бала арасындағы бай­ланыс қай деңгейде деген өзек­ті сауалдарға жауап іздеген едік. – Алғашқы сұрағымызды отбасы дегеніміз не және оның қандай қызметтері бар деген сауалдан бастасақ. – Отбасы дегеніміз – туысқан адамдардың тобы. Қазіргі халықаралық терминдерде отбасының түр­лері көп. Бізде қарапайым отбасы кең таралған. Мұндай отбасы әке-шеше мен баладан тұрады. Егер ата-әжесімен тұрса, ол кеңейтілген отбасы болады. Адамзат пайда болып, өркениет да­мы­ған сайын отбасының түрлері де дамып отыр­ды. Отбасының ең басты қызметі – ұр­пақ жалғастыру. Ары қарай материалдық, тұр­мыстық мәселелер, тәрбиелеушілік, да­мытушылық қызметтер жалғаса береді. Статистикалық мәліметтер Қа­зақ­стан­да соңғы 5 жылда неке санының азайып келе жатқанын көрсетіп отыр. Не­ке­ге тұрушылардың ең үлкен көрсеткіші 2017 жылы болған. Ал 2022 жылы көрсеткіш бір­шама түскен. Оған себеп отбасы адам­мен, өркениеттің дамуымен бірге өзге­ріс­терді де бастан кешіп жатыр. Қазақ жастары не­гізінен алғанда отбасын құрып, көп­ба­лалы болғысы келеді. Бірақ заман өзгеріп жа­­тыр. Оқу, кәсіп меңгеру, қызмет істеу, адам ретінде жетістікке жету деген сияқты мақ­саттарды бірінші орынға қойып жатыр­мыз. Некеге тұрушылар санының азаюы да осыдан. Екіншіден, азаматтық неке көбейді. Бұрын жастар ресми, дәстүрлі некеге тұр­ғысы келсе, қазір азаматтық некеге тұру ұят емес деп саналады. Осы жағынан да құн­ды­лықтар өзгеріп, некенің басқа түрлері пайда бола бастады. – Заманға қарай отбасы құнды­лы­ғы өз­геріп келе жатыр. Осы орайда ка­­­­писталистік қоғам әйел мен ердің, ата-ана мен баланың арасындағы бай­ла­нысты қаншалықты алыстатып отыр? – Некеде әр адамның өзінің қызметі, әке­нің және ананың моделі бар. Қа­лып­тасқан дәстүр бойынша әкенің міндеті – отбасын материалдық жағынан қамтамасыз ету болса, ананың міндеті – бала тәрбиесі бо­латын. Қазір бұл үлгі өзгеріске ұшырады. Әйел адам отбасы, бала тәрбиесімен қатар от­басын материалдық жағынан қамтамасыз ету мәселесімен қоса айналысып жатыр. Сон­дықтан да бала тәрбиесі, баламен бірге уа­қыт өткізу мәселесі кейінге қалып жатыр. Ата-ананың балаға аз көңіл бөлетінін әлеу­меттік зерттеулер де анықтады. Сауал­на­маға қатысқандардың тек 10 пайызы ға­на әр демалыс сайын бірге уақыт өткіземіз деп жауап берді. Ата-ана «Немен айна­лыс­тың?», «Мектепте қандай пәнді оқыдың?», «Са­бағың қалай?» деп қана сұрайды. Ал демалысты бірге өткізу, спортпен айналысу, мә­дени орындарға бару, кітап оқу деген сияқ­ты уақытты сапалы өткізу мәселесі ақсап тұр. Оның бірнеше себебі бар. Бірін­шісі – әке-шешесі жұмыс істегендіктен бала тәр­биесіне уақыты жоқ, екіншісі – қаржы-экономикалық мәселе. Демалысты баламен бірге өткізу үшін, қыдыру үшін қаражат керек. Ата-анаға таңдау жасау керек болып тұрады. Не жұмыс істеп отбасының қажет­тілігін өтеу керек, не үйде отырып бала тәр­биесімен айналысу керек деген сынды. Жұ­мысбасты болсаңыз, бала тәрбиесі ақ­сайды, үйде отырсаңыз баланың қаж­ет­ті­лік­теріне қаржы керек. Алайда алтын ор­та­ны ұстап, жұмыс істеп те, баласына көңіл бөліп те үлгеріп жатқан ата-аналар бар. – Ата-ананың балаға дұрыс көңіл бөл­меуінің салдары қандай болмақ? – Ата-ананың бала тәрбиесіне жет­кі­лік­ті көңіл бөлмеуі баланың құндылықтарының өзгеруіне алып келеді. Балаңызды қандай құн­дылықтарға тәрбиелейсіз, сондай тұлға бо­лып қалыптасады. Бүгінде заман ағы­мы­на байланысты бала мен ата-ананың қа­рым-қатынасы достық деңгейде. Бұрынғы ба­­лалар әке-шешесіне өз ойын ашық айта ал­майтын. Қазіргі балалар ойын бүкпесіз ай­тып, тіпті талап ете алады. Яғни, ата-ана мен баланың қарым-қатынасының да мо­делі өзгерді. Екінші жағынан қазіргі жастар үшін отбасы басты құндылық болып та­был­­­ғанымен, олардың жұмыс істегісі келеді, тез байығысы келеді. Басқа да материалдық мә­селелерді алға қояды. Бұған әлеуметтік желі, қоғам да әсер етіп отыр. Баланың құн­дылығы 11 жастан бастап өзгере бас­тайды. Өйт­кені бала психологиясында 11 жаста әке-шешеден бөліну процесі басталады. Осы жастан бастап оған ата-анасының ықпа­лы­нан гөрі ортасы, қоғам әсер етеді. Жанын­дағы достары беделді болады. Осы кезеңде балаға көбірек назар аударып, сырласып, сөйлескен абзал. Өйткені бала әке-шешесінен тәрбие алмаса, құндылықтарды бойына сіңірмесе, қоғамдағы теріс қы­лық­тарды өзіне қабылдап алуы әбден мүмкін. Әке-шешесі баламен бірге кітап оқыса, му­зыка тыңдаса, ойын ойнаса, спортпен ай­налысса, баланың жаман әдеттерге бой ал­­­дыруға уақыты да болмайды. Бізде кей ата-ана баламен бір жерде телефон шұқы­лап отыруды бірге уақыт өткізу деп түсінеді. Бірақ бұл бір кеңістікте әркімнің өз ойымен отыруы. – Отбасылық құндылық туралы бі­лім­нің болмауы ерлі-зайыптылардың ажы­расуына қаншалықты әсер етеді? – Әйел мен ердің ажырасуына от­ба­сы­лық өмірге дайын болмауы әсер етеді. Со­ны­мен қатар отбасылық өмірдің дағдарысы бо­лады. Үйленген алғашқы жылдары, бала өмір­ге келгеннен кейін, 3 жылдан кейін, 5 жыл­дан кейін дағдарыстар бола береді. Тіп­ті, 30 жылдан кейін де әр отбасының өз дағ­дарысы болады. Бұрын неге ажырасу аз бол­ған? Өйткені ерлі-зайыптылар отба­сы­лық дағдарыстан жылдар бойы шығатын, ал қазіргі жастар көбінде дағдарысты бас­тан кешіріп жүргісі келмейді, ажырасуды оңай жол деп ойлайды. Сондықтан ажырасу көбейіп кетті. Жастардың отбасылық өмірге дайын­дықсыз баруы, бірін-бірі түсінбеуі, тіл табыса алмауы – ажырасудың алғашқы се­бептері. Бізде көбіне ажырасуға материал­дық жағдай, ақша жоқтық себеп деп жатады. Бірақ бұл ажырасудың үшінші, төртінші себебі. Содан кейін жалғызбасты ата-ана­лар­дың көбеюі кең етек алды. Қазір елімізде 500 мыңға жуық ата-ана баласын жалғыз тәр­биелеп отыр. Жалғызбасты отбасында тәрбие­лен­ген балалар кейін ажырасуға бейім болуы мүмкін. Бала отбасында не әкенің, не ше­ше­нің моделін көрмегендіктен, кейін өзі от­басын құрғанда қиындық­тық­тарға төтеп бере алмайды. Ұл бала отба­сын­да әкенің қандай болғанын көріп өссе, кейін отбасын құр­ғанда сол модельді ұс­тану­ға тырысады. Қазір ажырасушылар неге көп дегенге та­ғы бір мысал айтайын. Бұрын ата-ана мен баланың арасындағы достық қарым-қа­ты­нас болмайтын, ал қазіргі балалар әке-ше­шесімен тең құрдастай сырласады, сөйлесе ала­ды. Ата-ана психологиясында «балам ме­нің жалғызым», «балам мен үшін басты құн­дылық» қағидасы орнап жатыр. Сон­дықтан ата-ана қолдауына сүйенген жастар ажырасуды ұят санамайды. – Ата-бабамыз ту еткен құндылық­тар­дың қазіргі жастарға өтімсіз болуы­ның себебі неде? – Қазақ дәстүрдің озығы да бар, тозығы да бар дейді. Еліміздің оңтүстік, батыс өңі­рін­де әке-шешесімен, ата-әжесімен бірге тұрады. Сол­түстік, шығыс Қазақстанда көп жағ­­дай­да балалар ата-әжесімен аралас­пай­ды. Бұ­рын бізде ата-әже институты болды. Ба­ла­ның тәрбиесіне ата-әжесі де атсалысатын. Ал қазіргі қоғамда балаға тәрбие берушілер көп. Олар – әлеуметтік желілер, достары, ор­та­сы. Жастарға сыртқы факторлардың әсе­рі көп болғандықтан олар қалыптасқан дәс­түрлі құндылықтарды қабылдай қой­май­ды. Жастар бәсекеге қабілетті, білімді бо­лып, өзін дамытқысы келеді, кә­­­сіби маман болуды қалайды. Бұл, әрине, жақсы. Алайда мәселенің екінші жағы бар, мұн­дай жастар отбасын құруға асықпайды. – Нарық заманында балалар да ата-ана­мен бірдей құқықта жұмыс істеуге құ­қығы бар. Осы ретте баланың еңбек­ке ерте араласауының жағымды және жа­ғымсыз тұстарын жіктеп айтып бер­сеңіз. – Баланың еңбекке ерте араласуы оның адам ретінде қалыптасуына, кәсіби жеті­луі­не ықпал етеді. Әке-шешесіне қаржылай кө­­­­мектеседі, бала қатарластарына қара­ған­да ерте жетіледі, тез дамиды. Алайда бала бі­лім алу, өзіне ұнайтын іспен айналысудан кеш қалады. Еліміздегі білім сапасының тө­­­мендігін, баланың бос уақытын тиімді пай­далануға арналған үйірмелер мен сек­ция­лардың қолжетімсіздігін ескерсек, бала­ның жұмыс істеуі пайдасынан зияны көп мәселе деуге болады. Ерте еңбектенген бала тұлға, маман ретінде мықты болып қалып­тасуы мүмкін. Алайда баланың балалық ша­ғы болуы керек. Бала өз жасына сай ой­науы, білім алуы, дамуы, жетілуі керек. Бұрын студенттік кезде үйленетіндер саны көп болатын. Қазір ерте неке­лер­дің саны өте аз. Некеге тұрушылар жасы ұлғайып келеді. Өйткені жастардың да көз­қарасы, талабы да өзгерді. Қазір бізде отбасын құру жасы ер-аза­мат­тар үшін – 28 жас, қыздар үшін – 25-26 жас. Бұрын бала туудың ерте жасы 25 болса, қа­зір 35 жас кеш ана болу жасы. Яғни, не­кеге тұрудың да, бала туудың да жасы ұл­ғайып келе жатыр. – Өзіміздегі отбасылық құнды­лық­тар мен қасиеттерді жастардың бойына қа­лай оңай сіңіре аламыз? – Мен мектепте отбасы құндылықтары, тәр­биеге қатысты пән енгізілгенін қол­дай­мын. Біз жастар отбасылық өмірге дайын бол­мағандықтан ажырасады деп дабыл қа­ға­мыз, бірақ оның алғышарттарын жаса­май­мыз. Бала отбасы құндылықтарын кішкентай кезден бойына сіңіріп, құлағына құйып өссе, ажырасу азайып, тұрмыстағы зор­лық-зомбылықтың да жолы кесілер еді. Бізде отбасындағы ажырасу мәселесіне кел­­генде жастар өз бетімен шешім қабыл­дай­ды. Негізінде олар психологпен жұмыс іс­тесе, әлдеқайда жақсы нәтижеге қол жет­кізуге болар еді. Дамыған елдерде отбасында дағдарыс болса, оны шешудің бірнеше жо­лын қарастырады. Біздің елімізде әйел­дер­дің құқығы дұрыс қорғалмайды. Ащы шын­­­­дық осы. Осындай мәселелерді кезең-ке­зең­мен шешсек, көп ұзамай өзінің нәти­жесін береді. Өйткені бұл бір күндік жұмыс емес, кешенді мәселе. Отбасының бақытты болуы экономикаға да әсер етеді. Мысалы, АҚШ кезінде экономикалық дағдарыстан шығу үшін отбасылардың әлеуметтік жағ­дайын жақсартатын мемлекеттік бағдар­ламалар қабылдады. Өйткені олар толық­қан­ды отбасында туған ер-азаматтар ғана экономиканы алға жылжытатынын түсінді. Сондықтан отбасы мәселесіне қоғам болып назар аудару керек. – Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ