Интернетте де заңға бағыну керек

Интернетте де заңға бағыну керек

Интернетте де заңға бағыну керек
ашық дереккөзі

7 маусымда Парламент Мә­жі­лі­сі қау­­лы­сымен «Онлайн-платфор­ма­лар және онлайн-жар­нама тура­лы» Заңының жо­басы бірінші оқы­лым­да мақұлданды. Аталған заңның жобасы Парламент Мә­жілі­сінің депутаттары А.Баққожаев, М.Бә­шімов, Қ.Иса, О.Құспеков, М.Магеррамов, А.Са­­рым және А.Са­ғын­дықованың баста­масымен Мәжілістің қарауы­на 2023 жылғы 15 мамырда түскен бо­латын. Заң жобасы же­­келеген заңнамалық акті­лердің нор­ма­ларын негізгі заң жобасының ере­желеріне сәйкес келтіруге бағытталған. Мәселен, Қа­зақ­стан Рес­публикасының Кәсіпкерлік ко­дек­сіне, «Жарнама туралы» және «Ақ­па­рат­тан­дыру тура­лы» Қазақстан Республикасының заң­дарына өзге­рістер мен толықтырулар ен­гізілді. Жалпы, заң жобасына қатысты жұмыс то­бының 7 отырысы өткен, онда 100-ге жуық тү­зету қаралды. Комитеттің кеңейтілген оты­рысы болды. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фрак­ция­сы­ның мүшесі Ерлан Сайыров жұмыс тобы­ның атқарған жұмысы туралы хабарлады. – Жұмыс тобы құрылып, оның құрамына Мә­жіліс депутаттарымен қатар мүдделі мем­лекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдері кірді, олардың арасында құқ­ық қорғау ұйымдары да, журналистер де, сарапшылар да бар. Жұмыс тобының оты­рыс­тарында негізгі заң жобасының терми­но­ло­гиясына, атап айтқанда онлайн-плат­фор­маны пайдаланушылар мен инфлюенсерлерге (блогерлерге) кімді жатқызуға болатынына қа­тысты, жалған ақпаратты таратқаны және орналастырғаны үшін әкімшілік жауапқа тар­­туға қатысты мәселелер белсенді түрде тал­­қы­ланғанын айтқым келеді, – деді де­пу­тат. Заң жобасында «онлайн-платформаны пай­­даланушы» және «инфлюенсер (блогер)» – он­лайн-платформалар арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын онлайн-платфор­маны пайдаланушы» ұғымдары енгізіледі, сондай-ақ олардың құқықтары мен міндет­тері белгіленеді. Одан бөлек, онлайн-плат­фор­маларда жалған ақпаратты таратуға, ор­наластыруға тыйым салу енгізіледі. Он­лайн-платформалардың интерфейстері мен модерациясына мемлекеттік тілді міндетті ин­теграциялау көзделеді. Бұл әлеуметтік желі­лердің алгоритмдеріне құқыққа қайшы контентті қадағалауға, сондай-ақ қазақ ті­лін­дегі контентті модерациялауға мүм­кіндік береді. Бұл туралы заң жобасының әзірленуіне бастамашы болған депутаттардың бірі Айдос Сарым мәлімдеді. Сонымен қатар ол «бұл заң не үшін қажет?» деген сұраққа да жауап берді. – Осы кезге дейін жұмыс тобының көп­те­ген отырысы өтті, мемлекеттік органдар­мен, қоғамдық ұйымдармен, халықаралық ұйымдармен өте тығыз, белсенді жұмыс атқардық. Бұл заң жобалары Мәжіліс жанын­да да қаралды, жақсы ұсыныстар түсті. Енді «бұл заң не үшін қажет?» деген сұраққа жауап бе­рейін. Шынын айтатын болсақ, біз заң шы­ғарушы ретінде өмірден, заманнан сәл ке­шігіп жатқан секілдіміз. Көптеген дүниелер қа­зір интернет арқылы жүретіні анық. Қыл­мыс та, қатынастар да, басқа да интернет ар­қылы жүріп жатыр. Ал әлемдік үрдістерге на­зар аударатын болсақ, бұл жерде үлкен блиц бар. Осы тұрғыдан алғанда, бұл заңның бұрынырақта қабылдануына толық негіз бар еді. Біз алдыңғы шақырылымда кибер­булинг­ке қатысты мәселе көтергенде, үлкен дау бол­ды, дегенмен бұл заңның керек екенін өмір­дің өзі дәлелдеп отыр. Ресми дерекке сүйе­нетін болсақ, былтыр 5 жарым мыңнан астам жалған ақпарат тарату оқиғасы тіркел­ген. Мұның өзі көп нәрсені аңғартады, – деді Айдос Сарым. Сонымен қатар депутат осы заң арқылы аза­маттар күшті мемлекеттің қорғауында еке­нін сезіне алуы керек екенін айтты. – Біріншіден, адам құқықтарын қорғау мәсе­лесіне тоқталайық. Біздің азаматтарымыз ар­тында күшті мемлекеттің тұрғанын айқын се­зінуге тиіс. Мемлекеттік тіл мәселесі бар. Қазір тех­но­гиганттар әлеуметтік желідегі ақпаратты бір­ден қазақ тіліне аударатын мүмкіндікті қа­­растырып жатыр. Біз енді бұл үрдісті бар­лық әлеуметтік желілер жүзеге асыратындай жағдайға жеткізгіміз келеді, модерацияны да қазақ тілінде жүргізу мәселесін қойып отыр­мыз. Себебі біздің қазақтілді аудито­рия­ның құқығы да қорғалуы керек. Келесі – онлайн жарнама мәселесі. Аза­мат­тар қаржы пирамидасына, басқасына ал­данбау үшін онлайн жарнамаларды қада­ғалау мәселесі көтеріліп отыр. Сондықтан блогер, инфлюенсер деген ұғымдарын енгізіп, заңда бекітіп, алдымен кәсіпкерлік кодекске, кейіннен жыл аяғындағы салық кодексіне еніп, көлеңкелі экономикада жүрген қара­жаттың бәрін жарыққа шығару керек деп есептейміз. Жарнаманың 60 пайызы ин­тер­нет арқылы жүріп жатқаны белгілі және бұл триллиондаған ақша болуы да мүмкін, – деді депутат. Яғни, алдағы уақытта заң аясында әлеу­меттік желілер біздің елде өкілдіктерін ашып қылмыстың, құқық бұзылуының алдын алу үшін, мұндай жағдайлар бола қалған жағ­дайда, кінәлілерді дер кезінде анықтап, табу үшін бірлесе жұмыс істеуі керек. Дегенмен де­п­утаттар «бұл қаншалықты мүмкін, біздің елдің аудиториясы тар екенін ескерсек, тех­ногиганттарға біздің елде өкілдік ашу қан­шалықты тиімді?» деген сұрақ қойды. Деген­мен Айдос Сарым TikTok желісінің өкілдік аш­қа­нын алға тартып, біздің елдің сегменті де оларға қызықты екенін алға тартты. Онлайн-платформалардың меншік ие­лері үшін мемлекеттік органдармен анық емес ақпаратқа және салықтан жасыруға қар­сы күрес бойынша ынтымақтастық жө­ніндегі міндеттеме енгізіледі. Ол үшін ин­тернетте осы ресурсты пайдаланушылардың санын анықтау үшін бағдарламаны орнату және уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасайтын өзінің заңды өкілін тағайындау жөніндегі талап белгіленеді. Онлайн-платформаларда құқыққа қай­шы контент анықталған жағдайда онлайн-платформаның заңды өкіліне оны жою қа­жеттігі туралы хабарлама жіберілетін болады. Егер бұл талап орындалмаса, онда уәкілетті орган онлайн-платформаның қызметін шек­теуге құқылы. Сондай-ақ онлайн-платфор­ма­ларды пайдаланушылар үшін өз парақша­ларында орналастырылатын онлайн-жарна­маны таңбалау, сондай-ақ өз қызметін мін­детті түрде кәсіпкерлік заңнамаға сәйкес жүр­гізу міндеттемелері белгіленеді. Сонымен қатар киберқылмыс мәселелері де осы заң аясында реттелмек. Осы орайда де­­путат Смирнова әлеуметтік желіні ел аза­мат­тарының 90 пайызы қолданатынын ай­тып, жалған ақпараттың қаупіне тоқталып өтті. – Қазақстандықтардың 90 пайыздан ас­та­мы – мектепке дейінгі және егде жасқа дейінгі интернет пайдаланушылар. Желідегі қарым-қатынас ережелері өздігінен қалып­тасты. Көбінесе сенімді фактілермен растал­ма­ған ақпаратты әртүрлі белгісіз платформа­лардан оқуға болады. Ақпарат жеке адамға да, ұйымдарға да, тіпті елге де қатысты болуы мүмкін. Жалған ақпаратты теріске шығарып, таратушыларға шара қолдану үшін нақты ере­желердің болмағаны өте қиын, – деді де­путат заңның маңызына тоқталып. – Бірақ «бір адамның бостандығы басқа адам­­ның бостандығы басталатын жерде аяқ­талады» деген сөз бар. Сондықтан интер­нет­тегі ақпараттандыру процесінің барлық қатысушыларын жіктеп, әрқайсын бекітетін уақыт келді: блогерлер, инфлюенсерлер... Онлайн-платформалардың артында кім тұр­ғанын білу, ережелерді белгілеу, жауап­кер­шілікті анықтау үшін қажет. Біз алаяқтық схемалар, сапасыз тауарлар, суицидті на­си­хаттайтын ақпарат тарату, есірткі сату және басқа да зиянды және қауіпті бағдарламалар жарнамаланған мысалдарды білеміз. Бұған шешуші тосқауыл қою керек. Astana finance days конференциясы аясында 2021 жылы елдегі инфобизнестің қаржы айналымы 10-15 миллиард теңге болғаны айтылды. Салық­ты барлық заңға бағынатын азаматтар тө­лейді. Онлайн бизнеске де халық бюджетіне өз үлесін қосатын уақыт келді. Міне, «Интер­нет-жарнама және онлайн платформалар туралы» заң жобасы осы мәселелерді қарас­тырады, – деді депутат. Одан бөлек, «Ішкі істер министрлігі ки­бер­­қылмысты анықтауға қаншалықты қау­қарлы, оған маман мен қажетті техника бар ма?» деген сауал көпті мазалады, бұл сұраққа министрлік өкілі бұл жағдайға байланысты екенін, анықталатын, сонымен қатар анық­талмайтын жағдайлар да болуы мүмкін еке­нін айтып жауап берді. Парламент Мәжілісінің бар­лық ко­митеті заң жобасына оң қорытынды бер­ді. Әуелде тоқ­талып өткендей, заң жо­басына қатысты жұмыс тобының 7 оты­рысы және Комитеттің кеңейтіл­ген оты­рысы өткізілген. Жұмыс то­бы 90-ға жуық түзетуді қара­ған. Жалпы, ұсынылып отырған заң жо­ба­сы көлеңкелі жұмыспен қамтуды азай­тудың, өз қызметін бүркеншік ат­тар­мен және бөгде аккаунттар арқылы жүр­гізетін блогерлерді анықтаудың тиім­ді қа­дамы болады деген сенім бар. Де­путаттар бұл заң азаматтардың құқы­ғын, сөз бостандығын шек­те­мейті­нін, кері­сінше қорғау мақ­сатында енгізілмек екенін бір­неше рет нақтылады.