«Ауыл аманаты»: партиялықтар 289 ауылдық округті аралады

«Ауыл аманаты»: партиялықтар 289 ауылдық округті аралады

«Ауыл аманаты»: партиялықтар 289 ауылдық округті аралады
ашық дереккөзі

«AMANAT» партиясы Үкіметпен бірлесіп жүзеге асырып келе жатқан «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауқымды ақпараттық марафон жалғасып жатыр. Басты мақсат – ауыл тұрғындарының табысын, әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға көмектесу.  Биыл сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасы» бекітілді. Ауыл тұрғындарының жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын жеңілдетілген несие алуына, кооператив құру және техниканы лизингке ресімдеу кезінде көмек алуына мүмкіндік пайда болады. Осы бағдарлама аясында партия Үкіметпен бірлесіп «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асырып жатыр. 28 шілдеде партиялықтар ауқымды ақпараттық марафонды бастады. Нәтижесінде 13 өңірдегі 289 ауылдық округті аралап үлгерді.  width=

«Бұл жоба – халыққа үлкен қолдау. Бұрын ауыл тұрғындары үшін несиені өтеу қиынға соғатын еді. Осы бағдарлама аясында жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несие алуға болады. Бұған көпшілік қызығушылық танытады деп ойлаймын», – деді Ұлытау облысы Теректі ауылының тұрғыны Азамат Ақышев.
Шығыс Қазақстан облысы Новопокровка ауылындағы көпбалалы ана Мушахира Төлебаева да «Ауыл аманаты» жобасына үлкен үміт артады.   width=
«Менің жылыжайым бар. Бірақ ол жерге құдық қазу керек. Ал ол үшін қаражат қажет болып отыр. Осы жобаның көмегімен кәсібімді әрі қарай дамытамын деген ойдамын. Ауылға келіп, барлығын егжей-тегжейлі түсіндіріп, кері байланыс орнатып жатқандары қуантады», – деді Мушахира Төлебаева.
Мобильді топтар еліміздің әр өңіріндегі 394 ауылдық елді мекенге баруды көздеп отыр. Сапар 10 қыркүйекке дейін жалғасады.