Бір тәулікте 2 197 адамнан коронавирус анықталды

Бір тәулікте 2 197 адамнан коронавирус анықталды

Бір тәулікте 2 197 адамнан коронавирус анықталды
ашық дереккөзі

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 197 адам тіркелді деп хабарлады turkystan.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі комиссияға сілтеме жасап. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 579, Алматы қаласында - 337, Шымкент қаласында – 29, Ақмола облысында – 103, Ақтөбе облысында – 74, Алматы облысында - 30, Жетісу облысында - 74, Атырау облысында - 43, Шығыс Қазақстан облысында - 33, Абай облысында - 30, Жамбыл облысында - 60, Батыс Қазақстан облысында - 90, Қарағанды облысында - 341, Ұлытау облысында - 25, Қостанай облысында - 88, Қызылорда облысында - 57, Маңғыстау облысында - 39, Павлодар облысында - 89, Солтүстік Қазақстан облысында - 47, Түркістан облысында - 29. Жалпы, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны  – 1 364 844.