«Қазақ Титаны» «Иран Халкін» нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

«Қазақ Титаны» «Иран Халкін» нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

«Қазақ Титаны» «Иран Халкін» нокаутқа жіберді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі

Дубайдағы (БАӘ) Wicked N' Bad промоушн турнирінде екі алыптың — «Қазақ Титаны» Алматы Жұманов пен «Иран Халкі» Саджад Гарибидің жекпе-жегі өтті деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстандық пен ирандық  арасындағы төрт раундқа есептелген жекпе-жек ауыр салмақта өтті. Нәтижесінде «Қазақ Титаны» қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Айта кетейік, «Қазақ Титаны» үлкен заттарды көтерумен, сүйреумен танымал. Ол биылғы сәуір айында АН-72 ұшағын орнынан қозғап, Гиннестің рекордтар кітабына енген. Ал «Иран Халкі» бодибилдингте ауыр заттарды көтереді. Оның дене бітімі әлеуметтік желіде танымалдыққа ие: бойы 188 см, салмағы 177 кг.