Егемендіктің 30 жылдығы: «Тәуелсіздік түлектері» атты көрме өтті

Егемендіктің 30 жылдығы: «Тәуелсіздік түлектері» атты көрме өтті

Егемендіктің 30 жылдығы: «Тәуелсіздік түлектері» атты  көрме өтті
ашық дереккөзі

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген түлектердің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған «Тәуелсіздік түлектері» атты шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 

Көрмеге түрлі тақырыпты бейнелеген, ұлттық мазмұнға толы кескіндеме, мүсін, графика, витраж, қолданбалы өнер түрлерінің жүзден астам көркем туындылары қойылды. Әсіресе, көрме қатары қоғамның бүгінгі күнін нанымды бейнелейтін кескіндеме мен графика, мүсін, қолданбалы өнер саласы бойынша сомдалған тарихи шығармалармен толықты. Ашылу салтанатына академияның ұстаздары, студенттері мен түлектері қатысты. Академия түлектерінің қатарында республикаға, алыс-жақын шетелдерге танымал суретшілер Сембіғали Смағұлов, Ғазиз Ешкенов, Серік Рысбеков, Естай Даубай, Эдуард Казарян, Дәурен Қастеев, Анар Абжанова, Талғат Тлеужанов болды. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ректорының у.м.а. Шәріпбек Әмірбеков мереке қарсаңында ұйымдастырылған көрменің ашылуымен құттықтап, қара шаңырақтың дамуына үлес қосып жүрген түлектерге алғысын жеткізді.

«Бұл көрме - студенттерге өнеге. Жас ұрпақ тәрбиелеп, үлкен өнер шығармаларын қалдырып, Отанымызға қызмет етіп келесіздер. Академия сіздерді мақтан тұтады», - деді ол. Шара аясында камералық мүсіннен монументалды мүсінге дейінгі жанрларда жұмыс істейтін әйгілі қазақстандық мүсіншілердің бірі - Эдуард Казарян мен «Қазақстанның 100 жаңа есім» ұлттық жобасының жеңімпазы, республикалық, халықаралық фестиваль, конкурстардың жеңімпазы Анар Абжанованың шеберлік сағаты өтті.  

Сондай-ақ, академия ғылыми кеңесінің 25 қарашадағы шешімімен Ешкенов Ғазиз Ағзамұлына академияның «Құрметті профессоры» атағы берілді. Көрмеге ат салысқаны үшін және бейнелеу өнерінің өркендеуіне өз үлесін қосқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Ғазиз Ағзамұлы бірқатар студентке әлеуметтік көмек ретінде шәкіртақы тағайындады.

1. А.Екенбаев – «Монументалды кескіндеме», 4-курс;
2. А.Жангисина «Графикалық дизайн», 2-курс;
3. Д.Амангелді – «Сәулеттік өнер», 5-курс;
4. Қ.Акуов – «Монументалды кескіндеме», 4-курс.