Бағдат Мусин «Роскосмос» ғарыш қызметінің басшысымен кездесті

Бағдат Мусин «Роскосмос» ғарыш қызметінің басшысымен кездесті

Бағдат Мусин «Роскосмос» ғарыш қызметінің басшысымен кездесті
ашық дереккөзі
2020 жылғы 31 қазанда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорацияның бас директоры Д.Рогозинмен жұмыс кездесуі өтті. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минситрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, оның ішінде «Байқоңыр» кешенін одан әрі дамыту мәселесін талқылады. «Бәйтерек» («Назарбаев старты»), «Гагарин старты» жобасы бойынша мәселелер талқыланды. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы 2004 жылғы 22 желтоқсандағы келісімге, сондай-ақ «Бәйтерек» БК» АҚ мен «ЖҒИОПО» АҚ арасында «Бәйтерек» ҒЗК құруға арналған келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. «Бәйтерек» ҒЗК объектісі экологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейімен ресейлік «Союз-5» тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал түрлендірулерімен ғарыш аппараттарын ұшыруға арналған кешен болып табылады. Бұл жобада Ресей тарапы «Союз-5» зымыран тасығышын, техникалық және ұшыру кешендерінде бақылау-тексеру аппаратурасын жасауды, сондай-ақ үдеткіш блоктың, ғарыш аппаратының және ғарыш бас бөлігінің техникалық кешенін жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Қазақстан тарапы «Зенит-М» ғарыш зымыран кешенінің жерүсті инфрақұрылымы объектілерін қайта құру мен жаңғыртуды жүргізеді.