Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші қолдаусыз болған емес

Қазақ көші қолдаусыз болған емес
ашық дереккөзі
Қазақ көші атажұртқа сап түзегелі нелер тағдырды бастан кешірді. Небір бұралаң жолдардан атан түйе аттап өтсе де, тайлақ тайып жығылған сәттер көп. Әйткенмен қазақтың салқар көші байырқалаған жоқ, байсалды болды. Оған себеп – «қандасым» деп ағылған көштің алдынан шығып, жез бұйдасын ұстаған атажұрттағы ағайынның ақжарма пейілі, алғаусыз мейірі болатын. Қазір  әлемде объективті көші-қон процесі жағдайында «диаспора», «шетелдегі отандастар», «ерікті қоныс аудару» сияқты ұғымдар бар. Әлемнің көптеген елі шетелдердегі этнобірегейлік қоғамдастықты қолдау саясатын дамыту, «жұмсақ күшті» пайдалану арқылы ақпараттық және мәдени ықпал етудің кешенді құралы ретінде өз мүдделерін іске асыру барысында бар мүмкіндіктерін пайдалануда. Қазақстан шетелдегі отандас­тарды, этникалық қазақтарды жан-жақты қолдау қажет екенін жақсы біледі. Мұны шет­елде тұратын қандастар да тү­сінеді. Гер­мания, Израиль, Ресей сияқты Қа­зақстан да өз қандастарын тарихи отанына шақырып отырған санаулы елдің бірі. Біз қазақ көшінің ілгері жылжуына тәкелей әсер еткен бірнеше мәселені қарап көрдік.  width=

 Тарихи шешімдер және заңдар

Қазақ көшінің бір жүйеге түсуіне бірнеше тарихи құжаттар мен шешімдердің жақсы ықпал еткені белгілі. Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 1991 жылғы 18 қарашада «Басқа республикалардан және шетелдерден селолық жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші байырғы ұлт адамдарын Қазақ КСР-інде қоныстандыру тәртібі мен шарттары туралы» бұрын Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №711 Қаулысының қабылданды.  Ал 1992 жылы 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының ашылуы және сол Құрылтай аясында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы құрылды. 1997 жылғы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш рет қазақ тілінде «Халықтың көшi-қоны туралы» заңының қабылданды. Сонымен қатар 2016 жылғы 18 ақпанда Оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің №83 қаулысының қабылданды. Сондай-ақ, 2020 жылғы 13 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойып, «Оралман» атауының «Қандас» деп өзгерту шешімі де қоғамның қолдауына ие болды.

Отанға оралған қандастардың бір реттік квота алуы

1993 жылы бірінші рет жылдық квота бе­кітілген болатын. Осыған сәйкес 10 000 (ша­мамен 40 000 адам) отбасының көшіп келуі­не мүмкіндік туды. Алғашқы жылдар­да­ғыдай емес, 1999-2000 жылдары 500 отба­сы­на дейін төмендеді. Ал 2002 жылы ел эко­номикасының өсуіне байланысты квота кө­лемі 2005 жылы 15 000 отбасына дейін арт­ты. Онсыз да атажұртын аңсап отырған алыстағы ағайын­ға квотаның берілуі көштің белсен­ділі­гін арттыра түсті. Тарихи Отанға оралу патриоттық сезім мен ұрпақ қа­мы үшін дегенімізбен, адам өмі­рін­де материалдық құндылық өз қажеттілігін жойған емес. Квота ше­телден көшіп келетін қандастар үшін ең басты стимул болды. Квота кө­лемін әр жыл сайын арттырып, шар­тарапқа шашыраған қазақты бір шаңыраққа ұйыстыру саясаты Тұң­ғыш Президент Н.Назарбаевтың стра­тегиялық маңызды жоспары бол­ды. Жан-жақты зерттеліп, әлем­дегі репатриацияны ынталан­дыру­дың озық үлгілерінің негізінде біре­гей жобалар іске асты. Оған куә әр жылдардағы Президент Жар­лық­тарын атап өтуге болады. Айталық, 2004 жылғы 27 желтоқсандағы «2005-2007 жылдарға арналған орал­мандардың көші-қон квотасы» ту­ралы, 2004 жылғы 31 қарашадағы «2004 жылдарға арналған орал­ман­дардың көші-қон квотасы» туралы, 2003 жылғы 10 ақпандағы «2003 жыл­дарға арналған оралмандардың кө­ші-қон квотасы» туралы қабыл­дан­ған Жарлықтары көші-қон сая­сатына оң ықпалын тигізді. 1996 жылдан бастап, қандастар са­ны бекітілген квотадан асып түсті. Ал 2001 жылы тарихи Ота­ны­на қайтып келгендер саны бе­кі­тіл­ген квотадан 15 есе көп болды. 2002 жы­лы квотаның 2 000 отбасына кө­бейтілгеніне қарамастан, көшіп келу­шілер саны 4 есе көбейді. 2004 жы­лы квота 10 000 отбасына көбей­се де, тарихи Отанына оралушылар саны квотадан 86 пайызға өсті. Алғашқы жылдары Үкімет өңір­лік квотаға 7 облысты бел­гіледі. Кейін қандастарды қабыл­дауға Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қа­зақстан облыстары белгіленді. Қазақстанға келген қан­дас­тар­ды қолдау ретінде субси­дия бөлінеді. Тарихи Отанына кө­шіп келген отбасының әр мүшесіне 35 АЕК (84,2 мың теңге) мөлшерінде біржолғы төлем, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалған шығысты жабуға 12 ай ішінде отбасына 15-тен 30-ға дейінгі көлемде АЕК (36,1-ден 72,2 мың теңге) беріледі. Аталған бес облысқа барып, квота немесе баспана алуға болады.

Қандастардың білім алуы және жеңілдіктер мен мүмкіндіктер

1991 жылдан бері Қазақстанда жыл сайын жоғары оқу орындарына студент қа­был­­да­ған кезде шетелден келген ұлты қазақ жастар­ға да кво­та бөлініп келеді. Тіпті, тәуелсіздіктен де бұрын 70-80-жылдары шетел қазақтары Қазақстанда білім алуы­на мүмкіндік жасалды. Білім іздеген қазақ баласына қай кезде де қазақ топырағынан білім нәрін алуға жол ашылды. Көшіп келген қан­дас­тары­мыз­дың  арасында жоғары бі­лімді 53 843 адам, орта білімді 122 058 адам болса, олар­дың әр­қай­­сысы шетелде жиған ілім-бі­лі­мі мен тәжірибесін Қазақстанның өркендеу жолына арнады. Тәуелсіздіктен бұрын білім шартымен келген этника­лық қазақ жастары 1991 жылдан бастап ЖОО-ның қабылдау бө­лі­мін­де даярлық курсын оқи бас­та­ды. Жыл сайын қандастарға ар­найы 2 пайыз квота бөлінді. 2011 жылған бастып 4 пайызға артты. Көші-қон саясатындағы бұл ең тиімді ст­ратегиялық жобаның бірі. Бұл игі бастама екі үлкен нәтиже берді. Ең бірінші, шетелде тұратын қа­зақтар тілін сақтап қалуы және жо­ғары білім алуы. Диплом алып, жұ­мыспен қамтылуы. Екінші пай­дасы, шетелдегі қазақтарды елге тар­туға ең тиімді жолдың бірі осы болды. Әуелі жастар келіп, диплом алып, жұмысқа тұрған соң, ата-ана­сын атажұртқа әкелгендер көп. Жас­тары осы жақтан оқып, тілін, мен­талитетін үйренген соң, өз үй­ле­рін көшіріп әкелгенде, құжат алу кезінде делдалдарға ұрынбай өздері шешті. Білім және ғылым министр­лі­гінің 2011 жылы шығар­ған №554 бұйрығы 2014 жылдың қа­зан айында елімізде толық жү­зеге асты. Еліміздің 20-дан астам жо­ғары оқу орындарында шет­ел­дік қазақ жастарын Foundation фа­культеті болып құрылды. Бұл бө­лімнің мақсаты – Қазақстандағы жо­ғары оқу орындарына түсетін та­­­лапкерлерді жалпы білім беруге дайындау және деңгейін арттыру.  Сонымен қатар Қазақстанда өмір сү­руге бейімдеу. Осы уақытқа дейін мемлекеттік грант негізінде Қы­тай, Моңғолия, Өзбекстан, Ре­сей, Иран, Түркіменстан, Ауған­стан, Қырғыз Республикасы және Еуропаның біраз елдерінен қазақ жастары келіп, білім алды.

Қандастардың баспалы болуы

Елбасы Н.Назарбаевтың тап­сыр­масымен құрылған «Нұр­лы көш» бағдарламасына 60 млрд тең­ге бөлініп, көптеген өңірде ар­найы ауылдар бой көтерді. Атап айт­қанда, Шығыс Қазақстан об­лы­сын­да 700, Солтүстік Қазақстан об­лысында 400, Ақтөбе облысы Хром­тау қаласында 230 отбасына арнап тұрғын үй салынса, Шымкент қа­ласы маңындағы «Асар» ауылында 27 мың қандасымыз тұрақтаған.  Одан бөлек қан­дас­тарды қабылдауға арналған Үкімет белгілеген бес облысқа барып, квота не­месе баспана алуға болады. 2019 жылғы қараша айында «Отан­дастар қоры» ұйымдас­тырған этникалық қазақтарды қолдау жөніндегі 2018-2022 жыл­дар­ға арналған іс-шаралар жоспары аясында бас қосқан жиында Мем­ле­кеттік хатшы Қырымбек Көшер­баев: «Қандастарымызды баспана­мен және жұмыспен қамту мәселесі 2017-2021 жылдарға арналған «Ең­бек» бағдарламасы аясында өзі­нің шешімін тауып отыр. Сонымен бір­ге, қазіргі уақытта шетелден кел­ген ағайындарға құжатты рәсім­деуде көрсетілетін қызметтерді оң­­тайландыру, шетелдегі отандас­тар­ды мемлекеттік тұрғыда қолдау ту­ралы заңнамалық тетіктерді ен­гізу жөнінде де маңызды шаралар да қолға алынады», – деген болатын. Қазақстан Тұрғын үй заңында Ха­лықтың әлеуметтiк жағы­нан осал топтарының жетіншісі «орал­мандар» деп анық жазылған. Бұл заңды қандастарымыздың көбі тү­сінбейді. Себебі тұрғын үйге ке­зекке тұру үшін «оралман куәлігіңді» алып барса ғана қабылдайды деп тү­сінеміз көбіміз. «Оралман мәрте­бе­сімен» тұрғын үйге кезекке тұра алмайтын жағдай бар, себебі кезек­ке тұру үшін тұрақты тіркеу талап етіледі. Ал тұрақты тіркеуге тұрып, ық­тиярхат яки азаматтық алған соң тұрғын үйге кезекке тұра алмай қалады. (Құжат қабылдайтындар да мұны ескермей жатады.) Азаматтық алғанға дейін мемлекеттен жер, үй, квота алмаған болса, азаматтық ал­ған­нан кейін де қандастар тұр­ғын үйге құжат тапсыра алады. Се­бе­бі заң жүзінде қандастар азамат­тық алғаннан кейін де репатриант ретінде есептеледі.

Қандастарды құжаттандыру жеңілдетілді

2019 жы­лы наурыз айында көптеген қандастардың «оралман куәлігінің» уақытын ұзарту ту­ралы Тұңғыш Президент Н.Назар­баев­­тың бір жылдық мора­то­рий жарияланды. Еңбек және халықты әлеумет­тік қорғау министр­лігі­нің жариялаған мәліметі бойынша, акция шеңберінде елімізде 5 789 эт­никалық қазақ «оралман мәр­тебесі» куәлігінің мерзімі ұзар­тыл­ып, 4 909-ы Қазақстан азаматтығын алған. Егер бұл акция жарияланбаса қаншама қандастардың аза­маттық алу мәселесі және азаматтар­дың әлеуметтік жағдайы қиын­дай түсері сөзсіз еді. Биыл Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева елге оралған қандастарымызға құжат рәсімдеу анағұрлым жеңілдетіліп жатқанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, елге оралған қандастарымызға құжат рәсімдеу анағұрлым жеңілдетіп, «бір терезе» қағидасы енгізіліп отыр. Осының нәтижесінде қазір қандастар 5-6 мемлекеттік мекемені аралап табан тоздырмай, барлық шаруасын бір жерден шешетін болады. Оларға қажетті құжаттардың саны да екі есеге ықшамдалып, рәсімдеу уақыты 6 айдан 3 айға қысқарған. Бұрын азаматтық алу үшін қандастардан талап етілетін құжаттар тізімі 46-дан 20-ға дейін қысқартылды.

Қандастарды қоғамдық ұйымдардың қолдауы

2019 жылғы 11 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Төра­ға­сының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Нұртай Әбіқаев және Дүниежүзі қазақ­тарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков әлемдегі қазақтарды тарихи Отаны төңірегіне ұйыстыруға қолдау көрсету, атажұрттан тыс жерде, бас­қа елде туып-өсіп, елге оралған қандастарымызға көмек қо­лын созу мақсатында үшжақты меморандумға қол қойған бо­латын. «Nur Otan» партиясының Төраға­сы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дү­ниежүзі қазақтарының кезекті құ­рылтайларының бірінде: «Шетелдегі қа­зақтардың елге жиі келіп, туған же­рімен байланысын нығайтып отыр­ғаны дұрыс. Қай елде тұр­саңыз­дар да, әрдайым Қазақстанды жүректеріңіздің төрінде ұстаңыздар. Қа­зақ­тың тарихи Отаны біреу-ақ.  Ол – Қазақстан», – деген еді. Осы орай­да, «Nur Otan» партиясы Төра­ғасы­ның Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек шетелдердегі және Қазақстанға келген этникалық қа­зақтарды қолдауға бағытталған елі­міздің стратегиялық жоспарларын жү­зеге асыру жұмыстарына атсалы­суға партияның әрқашан әзір екенін және еліміз тәуелсіздік алғалы бері та­рихи Отанына бір миллионнан ас­там қазақ қайтып оралғанын, соның арқасында ұлтымыздың демогра­фиялық жағдайы қандастарымыздың үлесі есебінен жақсарғаны туралы айтқан еді. Қандастарға көрсетілетін қолдау­дың сапасын арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы, «Отандастар қо­ры» және Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы арасында жасалған үшжақты ынтымақтастық туралы меморандум аясында ақпараттық жүйелерді, алгоритмдерді, бизнес-процестерді интеграциялау, өті­ніштерді қарау және мониторингілеу, сонымен қатар партияның аймақтық филиалдарының базасында қоғам­дық қабылдау бөлмелерінде қан­дас­тармен жұмыс істеу бойынша пар­тия­ның қызметкерлерін оқыту семи­нар­лары өткізілді. Соның негізінде пар­тияның қоғамдық қабылдау бөлім­де­рінде қандастардың түйткілді мәсе­лесін шешуге атсалысуды қолға алды. Осы ретте шетелдегі қазақ диас­пора­сы және елдегі қандастармен «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтар қауым­дастығы жүйелі жұ­мыс атқаруда.

Жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту

Қандастардың экономикалық және әлеуметтік қамсыздандырылуы немесе жұмыспен қамтылу деңгейі, еңбек нарығына қатысуы – көші-қон саласының маңызды мәселелерінің бірі. Көші-қон комитетінің ресми статистикасына сәйкес,  қандастардың 61,5 пайызы жұмыспен қамтылған. Бұл – 2005 жылғы көрсеткіш. 2000 жылғы көрсеткіш бойынша жұмыспен қамтылу деңгейі 32 пайыз болса, 2004 жылы 91,6 пайызға өскен. Қазақстанның Көші-қон туралы заңы­­на сәйкес, мемлекет қандас­тарға жұмыс беруде, біліктілігін жоғары­латуда және жаңа мамандықты таңдауда көмек көрсетуге тиісті. Осыған орай, жұмыспен қамтудың жол картасы Пре­зиденттің тапсырмасын орындау мақ­сатында 2020-2021 жылдары Жұмыспен қамту жол картасының инфрақұрылым­дық жобаларын іске асыру жұмыстары бас­талды. Қандастарымыз да ел азаматтарымен бір­дей бұл жобаларға қатыса алады. Соны­мен бірге кәсіптік оқытулар бар.

Дайындаған Бақыт БЕКОВ