Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болды

Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болды

Алматы облысында дәретхана қағазын шығаратын цехта жарылыс болды
ашық дереккөзі
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында дәретхана қағазын шығаратын цехта қазандық жарылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Бейсенбі күні цехта қағаз кептіруге арналған қазандық жарылған. Төтенше жағдай салдарынан ішінара цехтың шатыры құлады, өрт болған жоқ. Цехтің аумағы – 200 шаршы метр, ал апат орнының аумағы 25 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД күштері мен техникасы жіберілді. ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, жарылыс салдарынан 1983 жылғы жұмысшы қаза болды. ТЖД қызметкерлері оны үйінді астынан алып шыққан. 1999 жылы туған тағы бір жұмысшы түрлі жарақатпен Ұйғыр ауданының орталық ауруханасына жатқызылды. Жарылыстың алдын ала себебі – технологиялық өндірістің бұзылуы.