Серік Қажатұлы mister-2020 атанды

Серік Қажатұлы mister-2020 атанды

Серік Қажатұлы mister-2020 атанды
ашық дереккөзі
Моңғолияның Ұлан-батыр қаласында бодибилдингтен өткен ұлттық «Mongolian mister-2020» чемпионатында Баян-Өлгей аймағында туған қазақ жігіті Серік Қажатұлы жеңіс жеттіп, «Моңғол мистері» атанды.  width= Серік Қажатұлы – 75 келі салмақта жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленген. Сондай-ақ бодибилдингтен Баян-Өлгей аймағынан шыққан алғашқы «Моңғол мистері» атанып отыр. Серік Қажатұлы – 1984 жылы туған. Моңғолия астанасы Ұлан-батырда тұрады.  width= Спорттың бұл түрінен Моңғолияда спорттық жетістікке жетіп жүрген қандас спортшылар баршылық. Бұған дейін қандасымыз Нұрлан Жүнісұлы ел арасында «Бодибилдингтің баһадүрі» атанған болатын. Нұрлан Жүнісұлы – 1973 жылы Ұлан-батыр қаласында туған. Бодибилдинг спортымен шұғылданады. Аталмыш спорт түрінен Моңғол елінің 8 дүркін жеңімпазы және Азия чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері атанған қазақ баласы. Нұрлан Жүніс 2014 жылы Үнді елінің Мумбай қаласында жалауын көтерген әлем чемпионатында 40-49 жастағы ерлер арасында 85 келі салмақ дәрежесі бойынша өнер көрсетіп алтын медал және барлық жас бойынша қола медалға ие болып, жеңістің биік тұғырынан көрінген. Яғни, бодибилдинг спорт түрі бойынша әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ.  width=