Украинада төтенше жағдай режимі жыл соңына дейін ұзартылды

Украинада төтенше жағдай режимі жыл соңына дейін ұзартылды

Украинада төтенше жағдай режимі жыл соңына дейін ұзартылды
ашық дереккөзі
Украина үкіметі коронавирустың таралуына байланысты енгізілген төтенше жағдай режимі жыл соңына дейін ұзартты.  Ел үкіметі сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, мұндай шара елдегі карантиндік шектеулердің ұзартылуымен байланысты. Себебі бұған дейін Украина билігі оны 31 желтоқсанға дейін созған болатын. Оған сәйкес, елде спорттық іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады. Ал жоғары оқу орындары қазанның 15-і мен қарашаның 15-і аралығында қашықтан оқыту режиміне көшуі тиіс. Айта кетейік, пандемия басталғалы Украинада 363 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 6,7 мыңнан астам науқас қайтыс болды. Ал әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 44,4 миллионнан асып жығылды. Джонс Хопкинс университетінің дерегінше пандемия басталғалы індеттен 1 173 270 адам көз жұмған.