Еуропадағы ең ірі әуежай анықталды

Еуропадағы ең ірі әуежай анықталды

Еуропадағы ең ірі әуежай анықталды
ашық дереккөзі
Париждегі Шарль де Голль әуежайы Еуропадағы ең ірі әуежай атанды, осылайша Лондонда орналасқан Хитроу әуежайы жолаушылар саны бойынша бірінші рет екінші орынға жайғасты.
Лондондағы Хитроу әуежайы қаңтар айынан қыркүйекке дейін 18,97 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен, ал сол аралықта Париждегі әуежай арқылы 19,27 миллионға жуық жолаушы ұшқан.
Тоғыз ай ішінде 17,6 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен Амстердамдағы Схипхол әуежайы үшінші орынға табан тіресе, Франкфурт қаласының әуежайы (16,16 миллион жолаушы) үздік төрттікті түйіндейді.