Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген палау ішінен телефон табылды

Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген палау ішінен телефон табылды

Қызылордада тергеу изоляторына әкелінген палау ішінен телефон табылды
ашық дереккөзі
Қызылордада жергілікті тұрғын тергеу изоляторында қамауда отырған танысына сәлем-сауқатын алып келген. Cәлемдемені тексеру барысында оның ішінен рұқсат етілмеген заттар табылды.  «Жергілікті тұрғын палау ішіне салып ұялы телефон, қазақстандық ұялы байланыс симкарталары мен 2 дана қуаттағыш құрылғысыны өткізбек болған. Оны фольга кағазына орап, тамақ ішіне жасырған. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес іс-құжаттары дайындалды. Ол процессуалдық шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды», - деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Дана Достанова.