«Абай Құнанбайұлы» гранты – қандастар үшін жаңа мүмкіндік

«Абай Құнанбайұлы» гранты – қандастар үшін жаңа мүмкіндік

«Абай Құнанбайұлы» гранты – қандастар үшін жаңа мүмкіндік
ашық дереккөзі
Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ ұйымдастыруымен Назарбаев университеті ұсынған «Абай Құнанбайұлы» грантын иеленген қандастармен кездесу өтті. Биылдан бастап Назарбаев Университеті шетелдік талапкерлерге арнайы «Абай Құнанбайұлы» грантын тағайындаған болатын. 2020 жылғы алғашқы конкурсқа 56 қандасымыз қатысып,  оның тек 13-і ғана «Абай Құнанбайұлы» грантын иленген. Олар АҚШ, Канада, Өзбекстан, Қытай және Моңғолия қазақ жастары. Грант – іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен және Қабылдау Комиссиясы шығарған шешіміне қарай беріледі. Грант иегерлері оқу төлемі, медициналық сақтандыру мен айлық шәкіртақыға ие болады. Сонымен қатар «Абай Құнанбайұлы» грантымен магистратураға тапсыруға да болады. Алғашқы дайындық жылына (NUZYP) ұлты басқа шетелдік талапкерлер де  қатыса алады.  width= Шараға Назарбаев Университетi Кабылдау департаментiнiң аға менеджерi Лаура Палуанова, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрайымы Қарлығаш Қожамұратова, «Отандастар қорының» жобалар координаторы Дидар Болат, «Отандастар қорының» Білім бағытының жауапты қызметкері, Білім және ғылым министрлігінің Республикалық білім гранттарын беру жөніндегі конкурстық комиссияның мү­шесі Нұрымжан Жұмағазиев  және «Абай Құнанбайұлы» грантының иегерлері қатысып, қандастарға арналған білім грантын қалай игеруге болатыны жайлы кеңінен талқыланды. Осыған орай «Абай Құнанбайұлы» грантының иегерлері Назарбаев Университетінің жаңа мүмкіндіктері мен артықшылақтары жайлы айтты. Динара ЕРКІНҚЫЗЫ, Назарбаев Университетінің магистранты /Нұр-Сұлтан/: – Мен Қытай елінің Тарбағатай аймағында дүниеге келдім. Оқуды сол жақта бітірдім. Химия саласы бойынша бакалавр және магистратураны бітірдім. Биыл Назарбаев Университетіне шет тілдері мамандығы бойынша «Абай Құнанбайұлы» грантымен оқып жатырмын. Бұл грант қандастар үшін үлкен мүмкіндік. Грант - шетелдіктер мен этникалық қазақтарға арналған. Онда жеңілдіктер көп. Әсіресе, IELTS  сертификаты бойынша 5.5 балмен түсуге болады.  Баян СӘЙЛИКЕ, Назарбаев Университетінің магистранты /Үрімжі/: – Мен Қытай елінің Үрімжі қаласында тұрамын. Назарбаев Университетінде филология мамандығы бойынша магистратурада оқып жатырмын. Қазіргі әлемдік пандемияға байланысты онлайн оқудамыз. Бізде WhatsApp, Instagram арқылы байланыс жасау қиын. Мына індет тез басылып, карантин ашылса екен деп тілеп жүрмін. Қазақстанды, өзім оқып жатқан  Назарбаев Университетін тезірек көргім келеді. Менің бұл «Абай Құнанбайұлы» грантымен оқуға түскенімді айналамдағылар естіп таңғалды. Менен сұрайтындар көп, қалай түсуге болады деп.  width=

Дайындаған Бақыт БЕКОВ