Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
ашық дереккөзі
Халықаралық «Жыл волонтері» байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Егерде Сіз волонтер немесе волонтерлік ұйым өкілі болсаңыз Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жариялаған «Жыл волонтері» халықаралық конкурсына қатыса аласыз» делінген хабарламада. Бұған дейін ведомство хабарлағандай , ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды көтермелеуге бағытталған. 26 қазанда өтінімдерді қабылдау басталды. Өтінімдерді 2020 жылғы 15 қараша күнгі сағат 09:00-ге дейін жолдауға болады. Байқау шарттары туралы толық мәлімет мына сілтемеде көрсетілген.