Түркияда 5 миллион адамға қытайлық вакцина егіледі

Түркияда 5 миллион адамға қытайлық вакцина егіледі

Түркияда 5 миллион адамға қытайлық вакцина егіледі
ашық дереккөзі
Түркияда желтоқсан айында коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталады. Елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожаның айтуынша, Қытайдың «SinoVac» компаниясынан «CoronaVac» екпесінің 5 миллион дозасы сатып алынған. Қазіргі уақытта Түркияның 4 ірі қаласында екпе сынағының үшінші кезеңі өтіп жатыр. Егер нәтиже ойдағыдай болса, вакцина 5 миллион адамға егіледі. Вакцинациялау 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларында да жалғасады. Жаңа жылда ел билігі екпенің тағы 5 миллион дозасын сатып алуды жоспарлап отыр. «CoronaVac» екпесін алдымен арнайы топтағы азаматтар ала алады. Атап айтқанда, егде жастағы кісілер, созылмалы ауруы бар азаматтар мен індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлер. Тағы бір атап өтерлігі, Түркия бірнеше отандық вакцинаны да сынақтан өткізуде. Жергілікті екпе келер жылдың наурыз-сәуір айларында шығарылмақ. Пандемия басталғалы Түркияда 364 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды. Елде індеттен 9 874 адам көз жұмды. Айта кетейік, бұдан бұрын Оксфорд университеті мен AstraZeneca компаниясы бірлесе әзірлеген вакцинаны сынауға қатысқан еріктілердің бірі көз жұмғанын хабарлағанбыз. 28 жастағы сынақ қатысушысының өліміне коронавирустың асқынуы себеп болған.