"Періштесі қақты": Көліктен "ұшып шыққан" жігіт жол-көлік апатынан аман қалды

"Періштесі қақты": Көліктен "ұшып шыққан" жігіт жол-көлік апатынан аман қалды

"Періштесі қақты": Көліктен "ұшып шыққан" жігіт жол-көлік апатынан аман қалды
ашық дереккөзі
Теміртау - Қарағанды тас жолындағы апаттан ғажайыптың күшімен аман қалған жігіттің видеосы желіде тарап кетті. Жоғары жылдамдықпен бетон көпір тірегіне соғылған көліктен жүргізушінің қалай аман шығып кеткені алдымен құдіретті құдайдың, содан соң жігіттің өзіне ғана мәлім. Бұл туралы turkystan.kz хабарлайды. Бұл оқыс оқиға 25 қазан түстен кейін болды. Бейнематериалда көрсетілгендей, апаттан кейін жүргізуші орнынан бірден атып тұрды,  тіпті көлігінің көлігінен ажырап кеткен  дөңгелекті жинай бастады. Әрине, абдырап қалғаны білінеді. Видеоны көрген желі қолданушылар оның ғажайыппен аман қалғанын айтып, тәубе етіп жатыр. Бұл >>видеоны<< аталмыш көліктің артынан келе жатқан көліктің видеотіркегіші түсіріп алған. P.S. Жыл санап жол-көлік апаты оқиғалары артып келеді, және оның себептері де айтылып, ескертіліп те жатыр. Ал, мына оқиғадан кейін "періштесі қақты" деген құйқаны шымыр еткізер сөздің қаншалықты рас екені кезекті рет баршаға айқындалып жатыр. Бірақ, "сақтансаң, сақтаймын" деген сөзді әрқашан ұмытпай жүргеніміз абзал болар...