2 қарашадан бастап мешіттерде жамағатпен намаз өткізуге рұқсат етілді

2 қарашадан бастап мешіттерде жамағатпен намаз өткізуге рұқсат етілді

2 қарашадан бастап мешіттерде жамағатпен намаз өткізуге рұқсат етілді
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында комиссия театрлар мен мешіттердің жұмысына қатысты бірқатар шешім қабылдады. Бұл туралы primeminister.kz сайты жазды.  «Биыл 2 қарашадан бастап рұқсат етілсін:
  • 30 пайызға дейін толығумен, бірақ залда 100 адамнан асырмай, театрлардың жұмыс істеуіне (әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен);
  • жұма намазын қоспағанда, мешіттерде ұжымдық намаз (бес намаз) өткізуге, бірақ залда 100 адамнан асырмай (2 м әлеуметтік ара қашықтықты, маска режимін, термометрияны, қатаң санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаумен)», – делінген комиссия шешімінде.