Жасотандықтар «Ozger» акциясын бастады

Жасотандықтар «Ozger» акциясын бастады

Жасотандықтар «Ozger» акциясын бастады
ашық дереккөзі

10 күнде не істей аламыз? Тамақ дайындауды, эссе жазуды, бірнеше кітап оқуды немесе шет тілін үйренесіз бе? Жасотандықтар «Ozger» акциясын іске қосу арқылы осы және басқада сұрақтардың жауабын табуға шақырады.

Акция аясында жасотандықтар жас қазақстандықтарға өзін жеңуді, спортпен белсенді айналысуды, білімін тереңдетуді және жеке басының жаңа қырын ашуды ұсынады. Марафонның басты шарты он күнде жоғарыда айтылған нәрселерді жасап үлгеру.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның негізгі идеясыжастардың  назарын өзін-өзі дамытудың маңызына аудару, бұл өз кезегінде ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында бір орында тұрмайтын және болашаққа ұмтылған ұлт қана әлемге өз жетістіктерін көрсете алатынын атап өтті. Ал «Ozger» онлайн-марафоны қазақстандық жастарды мықты болуға ынталандырады.

«Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Елнұр Бейсенбаев науқанды қолдай отырып, 5 шақырым жүгірді.

«Жасыратыны жоқ, қазіргі заман бізге өз ережелерін қояды, көптеген адамдар кеңселерде жұмыс істейді және нәтижесінде қозғалыссыз өмір салтын ұстанады. Карантин бұл жағдайды одан әрі ушықтырды. Мен «Ozger» акциясында қатысуға шешім қабылдадым және күн сайын 5 шақырым жүгіремін, себебі жүгіру ағзаны сергітеді, күні бойы күш пен қуат береді», – деп атап өтті Елнұр Бейсенбаев.

Бұл онлайн-марафонға әлеуметтік желілерде #birgeozger хэштегімен жарияланым жасап және @jas_otan парақшасын белгілеп, кез-келген адам қатыса алады.

Айта кетейік, «Jas Otan» мұндай шараларды алғаш рет өткізіп отырған жоқ. Өткен айда жасотандықтар Қазақстан бойынша 2000-нан астам адамның басын қосқан «Sana» тұлғалық даму мектебін ұйымдастырған болатын. Оқу барысында тыңдаушылар «Шешендік өнер» және «Көшбасшылық және эмоцияналдық интеллект» курстарымен танысты.