Елордада бір күнде 50 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Елордада бір күнде 50 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Елордада бір күнде 50 жол-көлік оқиғасы тіркелді
ашық дереккөзі
Нұр-сұлтан қалалық полиция департаменті автокөлік иелерінен ауа райының нашарлауына байланысты жолдарда абай болуын сұрайды. Өткен тәулікте қала аумағында 50 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан бір адам дене жарақатын алған. Сондықтан Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерді қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және маневр жасау ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады. Жүргізушілер үшін ең қауіптісі – көлік құралдарының тежеу жолын ұзартып жіберетін алғашқы қар. Сондықтан кенеттен маневр жасаудан және тежегішті басудан аулақ болған жөн. Жаяу жүргіншілер жолды кесіп өткен кезде автомобильдің ылғалды және тайғақ жолда тез тоқтай алмайтындарын ескерулері қажет. Өзіңізді жол апатынан қорғаудың жалғыз жолы – барынша мұқият болу және асықпау.