Назира Байырбек: "Бораттың қарындасы" дегенге намыстанбаймын

Назира Байырбек: "Бораттың қарындасы" дегенге намыстанбаймын

Назира Байырбек: "Бораттың қарындасы" дегенге намыстанбаймын
ашық дереккөзі

Белгілі журналист Назира Байырбек қоғам талқысына түсіп жатқан атышулы "Боратқа" қатысты жазба жариялады деп жазды turkystan.kz.

Журналистің айтуынша, Борат пен қазақ халқын байланыстыратын еш нәрсе жоқ. Сондықтан "Боратқа" бола намыстанудың да қажеті жоқ екенін жеткізді. Қазақтың кім екенін өзімізді көрсету арқылы дәлелдеу керек екенін алға тартты журналист өз сөзінде. Назира Байырбек: "ҚАЗАҚ КІМ? Қазақ - мен. Қазақ - сіз. Қазақ - біз.? ⠀ Қазақ Борат емес. ⠀ Түрі де, қылығы да, іс-әрекеті де шындыққа үйлеспейтін, жәй комедия үшін жасалған сол сайқымазақ образ үшін шала бүлінбей-ақ қойған дұрыс-ау. ⠀ Шамшылдық ?- әлсіздік. ⠀ Мен де бұрын әлсіз болғам. Қазір де мықты боп тұрғаным шамалы ? ғой, бірақ бұрын өте әлсіз болғам. Біреу қазақты төмендетсе намыстанып, өкпелей беруші ем. Қазір ойлап қарасам, соның бәрі түкке тұрғысыз екен. ⠀ Сәл бұрынырақта, рас, шетелде оқып жатқан бір қызға басқа мемлекеттен келген бұзық қыздар “Бораттың қарындасы” деп келемеждеп, түртпектей берген екен. Оған намыстанған қазақ қыз төбелесуге дейін барған. Арты біоаз шуға айналған еді. Бұл туралы қазақ “Астана ақшамы” газетіне жазылған болатын. ⠀ Бірақ мен жас қыз емеспін. Содан ба, мұндайға намыстанбайды екем. Намыстанса, еврейлер, немістер, т.б. жайлы да неше түрлі фильмдер бар. Олар неге намыстанбайды?.. ⠀ Қысқасы, біз қазақ, әрқайсымыз қазақты танытушылармыз. Менің айналамдағылар қазақ әйелі мен деп ойлайды. Бидай өңді, қой көзді, орта бойлы, бес баласын жетектеп әлі де арман қуып жүрген, білімге, дамуға сусаған, ешкімге зияным тиіп кетпесе екен деп жүретін, еңбекқор, өзінің ана тілінде сөйлейтін және исламның ішкі құндылықтарын жүрегіне қондырған әйел - қазақ әйелі деп біледі. ⠀ Иә. Елде жүргенде айналамның бәрі қазақ болатын. Біз бәріміз қазақ едік. ⠀ Ал шетелдіктердің арасында жүргенде қазақ - менмін. Олар қазақты бәрібір маған қарап таниды. ⠀ Басқалар не істесе де өздері өздері білсін. Біз өзіміз биік қазақ болып қалайықшы. Жарай ма.?" - деп жазды инстаграм парақшасында.