Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир биыл өтпейтін болды

Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир биыл өтпейтін болды

Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық турнир биыл өтпейтін болды
ашық дереккөзі
Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенге арналған халықаралық турнир (Denis Ten Memorial Challenge) пандемияға байланысты биыл өтпейтін болды. Бұл туралы Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайтында хабарланды. ISU бекіткен күнтізбеге сәйкес, аталған халықаралық сайыс Алматыда 29 қазан мен 1 қараша аралығында өтуі керек болатын.

 width=

Естеріңізге сала кетейік, Денис Тенді еске алуға арналған халықаралық сайыс биыл екінші рет өткізілуі тиіс еді. Былтыр10-13 қазан күндері Алматыдағы «Халық Арена» стадионында тұңғыш рет ұйымдастырылған турнирге әлемнің көптеген елінен келген жасөспірімдер мен ересектер өзара бақ сынасқан болатын.