Павлодарда 3 оқушысы індет жұқтырған мектеп карантинге жабылды

Павлодарда 3 оқушысы індет жұқтырған мектеп карантинге жабылды

Павлодарда 3 оқушысы індет жұқтырған мектеп карантинге жабылды
ашық дереккөзі
Павлодар қаласындағы №34 мектеп карантинге жабылды. Бұған мектептің бастауыш сыныбында оқитын үш оқушы және бір мұғалімнің коронавирус жұқтыруы себеп.  Санитарлық дәрігерлер білім ордасына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Кезекші сыныпқа баратын барлық оқушы қашықтан оқуға көшірілді. Олардың бәрі коронавирусқа тест тапсырды. Дәрігерлердің айтуынша, індет жұқтырған оқушылардың жағдайы жақсы, амбулаторлық жағдайда емделіп жатыр. Оқу жылы басталған қыркүйек айынан бері вирус жұқтыру жағдайы өңірдегі төрт балабақша мен екі мектепте тіркелген. Осы уақыт аралығында жеті бала мен бір мұғалімнің ауруға шалдыққаны белгілі болды. Пандемия басталғалы Павлодар 4083 адам індет жұқтырған. Науқастардың 3912-сі емделіп шықса, 56-сы қайтыс болды. Ал республика бойынша өткен тәулікте 143 адамнан коронавирус анықталып, індетке шалдыққандардың жалпы саны 109766-ға жетті. Қатерлі вирустан 105 мыңнан астам адам айықты. 1796 отандасымыз көз жұмды. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қарағанды облысының Центральный ауылы карантинге жабылғанын хабарлағанбыз. Ауылға Омбыдан келген қонақ бірнеше адамға індет жұқтырғаны белгілі болды.