Министр індет салдарынан отандық кинотеатрлар қанша шығынға батқанын айтты

Министр індет салдарынан отандық кинотеатрлар қанша шығынға батқанын айтты

Министр індет салдарынан отандық кинотеатрлар қанша шығынға батқанын айтты
ашық дереккөзі
Отандық кинотеатрлар жыл соңына дейін жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, сондай-ақ міндетті зейнетақы төлемдерінен және әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылады. Бұл туралы  Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлімдеді.  «Еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мен Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кинотеатрларды ашуға әлі де ерте деп санайды. Біз эпидемиологиялық жағдай жақсарып, кинотеатрлардың ашылуынан үміттеніп отырмыз. Кинотеатрлардың өте үлкен шығындарға ұшырап, жұмыс орындарының қысқарып жатқанынан хабарымыз бар. Бірақ әлемдегі жағдай осындай. Кинотеатрларды ашқан басқа елдер көп өтпей қайта жабуға мәжбүр болды», - деді ведоство басшысы. Министрдің айтуынша, қазақстандық кинотеатрлар пандемия салдарынан кинотеатрлар 20 млрд теңге шығынға батқан. «Ұлттық экономика министрлігімен бірге кинотеатрларға берілетін артықшылықтар мен салықтық жеңілдіктер туралы нормаларды әзірледік. Бұл оларды жыл соңына дейін жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, сондай-ақ міндетті зейнетақы төлемдерінен және әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемдерінен босатады. Олар сондай-ақ ШОБ-ті тексеруден босатылады, яғни мемлекет олардың шығынын барынша азайту үшін шара қолданады. Бірақ, өкінішке қарай, санитарлық дәрігердің шешімі әзірге кинотеатр ашуға мүмкіндік бермейді», - деді министр. Еске сала кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кинотеатрлардың жұмысын жандандыру мәселесі пысықталып жатқанын айтқан еді. Министрдің сөзінше, осы индустрия өкілдерімен, «Атамекен» ҰКП тарапымен бағалау шаралары жүргізілуде.