«Астанаға» бас жаттықтырушы тағайындалды

«Астанаға» бас жаттықтырушы тағайындалды

«Астанаға» бас жаттықтырушы тағайындалды
ашық дереккөзі
Ресейлік маман Андей Тихонов «Астана» командасының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы «Астана» футбол клубының сайтында хабарланды.  49 жастағы жаттықтырушы футбол жанкүйерлеріне мәскеулік «Спартак» пен Ресей құрамасы үшін ойнаған кезінен танымал болды. Ол «Спартак» құрамында жүргенде 8 рет Ресей чемпионы атанған. Мәскеулік клубтан кейін Тихонов «Крылья Советов», «Химки», «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) және «Локомотив» командаларының құрамында ойын көрсетті. 2009 жылы чемпионаттың үздік ойыншысы титулын, күміс медальдар жеңіп алып, клуб тарихындағы үздік ассистенттер тізіміне кірген Андрей Валерьевич «Астана» клубының тарихындағы бірінші капитан болды. Ойын мансабы аяқталарда Тихонов «Крылья Советов», «Спартак» (Мәскеу), «Спарта» (Щелково), «Краснодар» және «Енисей» командаларымен жұмыс істеген.