16 Қазан, 15:13 699 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

«Nur Otan» мүшелері алматылық қарттарды қуантты

Алматыда «Nur Otan» партиясының мүшелері Қарттар айлығы мен «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қайырымдылық көмек көрсетуді жалғастыруда.

Мегаполистің «Nur Otan» партиясының барлық аудандық филиалдарында қарт адамдарға құрмет көрсету жалғасуда. Өткізілетін іс-шаралар ең алдымен қарт адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға және олардың денсаулығын сақтауға бағытталған.

Наурызбай ауданында Нұротандықтар аз қамтылған зейнеткерлерге көмір жеткізіп жатыр. Жалпы санағанда 90 тонна көмір жеткізіледі.
Ал Жетісу ауданында қалалық мәслихат депутаттарының бірі зейнеткер тұрғынның өтінішіне жауап беріп, үйге газ жылыту жүйесін жүргізеді.

Сонымен қатар, қаланың 8 ауданында айлық аясында партиялықтар ата-әжелерге азық-түлік себеттерін табыстап, үйлеріне барып қайтуда.
Лидия Максимовнаның айтуынша қазір зейнеткерлер өздерін жалғыз сезінеді.

«Балаларымыз жан-жаққа кетіп қалған, ал немерелер болса сирек келеді. Бізге осылай келгенде, халімізді сұраған кезде біз өте қуанамыз. Мен тек көмекті ғана айтып тұрғаным жоқ, қарапайым әңгімелесіп, басқа да адамдармен жүздескім келеді. Жылдар өте келе киіну мен серуендеу қиындап бара жатыр. Тек терезеден ғана қарап жүреміз», - дейді зейнеткер өзінің күнделікті өмірі туралы.

Өз кезегінде, «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері тұрақты негізде жалғыз басты зейнеткерлердің үйлерінде тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Жалпы, нұротандықтар «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында 500 зейнеткерді қамтуды жоспарлауда. Ардагерлердің басым бөлігі қала бойынша Әуезов, Бостандық, Алатау және Алмалы аудандарында тұрады.

Соңғы жаңалықтар