Бұдан былай Қазақстанда интернеті жоқ тұрғын үй кешендері пайдалануға берілмейді

Бұдан былай Қазақстанда интернеті жоқ тұрғын үй кешендері пайдалануға берілмейді

Бұдан былай Қазақстанда интернеті жоқ тұрғын үй кешендері пайдалануға берілмейді
ашық дереккөзі
Бұдан былай елімізде тұрғын үй кешендерін интернетсіз пайдалуға беруге тыйым салынады. Бұл туралы Сенаттағы Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.  Министрдің сөзінше, Қазақстандағы интернетпен қамтамасыз ету ісіндегі кемшіліктерді жою үшін реттеушінің рөлін, яғни министрліктің құзыретін кеңейтіп, тиісті заңнамаларға өзгерту енгізілмек. «Біріншіден, сапалы шешім әрі бақылау міндеттерін атқару үшін телекоммуникация желілерінің бас схемасын әзірлейміз. Бұл ақпаратты министрлікке операторлар автоматты түрде беруі қажет. Екіншіден, ведомство интернет сапасына қойылатын талаптарды белгілейді және көрсетілген қызметтердің сапасына бақылауды күшейтпек», - деді министр.  Бағдат Мусиннің сөзінше, радиожиіліктерді бөлудің жаңа стандарттарын бекітіледі. «Тұрғын үй кешендерін интернетсіз пайдалуға беруге тыйым салатын боламыз. Ұялы байланыс ұйымдарына бөлінген радиожиіліктер үшін төлемақының жылдық мөлшерлемесін 90 пайызға қысқарту арқылы ауылдық елді мекендерде кең жолақты ұтқыр байланыс желілерін салуға арналған қаражатты қайта инвестициялау мақсатында салықтық преференциялар беруді ұсынудамыз», - деді Б. Мусин. Еске сала кетейік, бұған дейін министр мемлекеттік органдардағы цифрландыру кемшіліктеріне тоқталған болатын. Бағдат Мусиннің айтуынша, әлсіз кадрлар мен мемлекеттік қызметтердің үлесін автоматтандыру жолындағы жарыс цифрландыру сапасын ақсатып отыр.