Нұр-Сұлтанда құрылысы 8 жылдан бері бітпеген тағы бір үй биыл пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтанда құрылысы 8 жылдан бері бітпеген тағы бір үй биыл пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтанда құрылысы 8 жылдан бері бітпеген тағы бір үй биыл пайдалануға беріледі
ашық дереккөзі
Астанада  құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысанның құрылысы аяқталуға жақын қалды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов әлеметтік желіде хабарлады.  «Жағалау-3» тұрғын үй кешенінде орналасқан 30-блокта 600-ден астам алданған отбасы бар. Тұрғындармен бірнеше рет болған кездесу барысында кезең-кезеңімен құрылыс кестесін әзірледік. Шешілмеген мәселелер көп болды. Қазіргі уақытта үй орталық сумен жабдықтауға, жылу мен кәрізге қосылды. Тұрғын үй кешенін тұрақты энергиямен жабдықтау желілеріне қосу бойынша жұмыстар жүргізудеміз-қазір үй уақытша электрмен жабдықталуда», - деп жазды шаһар басшысы Instagram парақшасында. Оның айтуынша, қасбеттің жұмыстары аяқталды, абаттандыру жұмыстары аяқталу сатысында: үлкен ауладан басқа, футбол және баскетбол алаңын орнату бойынша да жұмыс істеледі. Жақын арада жұмысшылар кіреберістерді ішкі әрлеуге кіріседі, лифтілердің бір бөлігін орнатты, ол бойынша жұмыс жалғасып жатыр.  width= «Жағалау-3» 30-блок құрылысын аяқтап, үйді биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Үлескерлер Жаңа жылды көптен күткен пәтерінде қарсы ала алады. Сонымен қатар, «Жағалау-3» 28 және 29 блогының құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысын қайта бастау және аяқтау – оңай мәселе емес, әрбір үй жеке жұмысты талап етеді. Осы бағытта тиісті жұмыстар жүргіземіз», - дейді Алтай Көлгінов.