15 Қазан, 10:13 560 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

Президент жұмыс сапарымен Семейге келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді.

Сапар барысында Президент «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың «Жиделі-Бөрлі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді.

Сонымен қатар «Қарағайлы» ықшам ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады. Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, «Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездеседі.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.

 

Соңғы жаңалықтар