COVID-19: Каталонияда мейрамханалар мен барлар жабылды

COVID-19: Каталонияда мейрамханалар мен барлар жабылды

COVID-19: Каталонияда мейрамханалар мен барлар жабылды
ашық дереккөзі
Испанияның Каталония аймағында коронавирус өршіді. Індеттің таралуын шектеу үшін жергілікті билік мейрамханалар мен барларды 15 күнге жабу туралы шешім қабылдады. Шара ертеңнен, 16 қазаннан бастап күшіне енеді. Бұдан бөлек, дүкендер мен саябақтардың жұмыс уақыты қысқартылды. Каталония аймағы басшысының міндетін атқарушы Пере Арагонестің айтуынша, бұл шара аймақ экономикасы мен компанияларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Алайда індетті ауыздықтаудың басқа амалы жоқ. Науқастар саны күрт артса, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін салмақ ауырлап, көктемдегі жағдай қайталанбасына кепіл жоқ. Пандемия басталғалы Испанияда 900 мыңға жуық адам індет жұқтырған. Дерттен 33 мыңнан аса адам көз жұмды. Ал әлемде індетке шалдыққандар саны 38,4 миллионнан асты. Коронавирус құрбандарының саны 1 091 245-ке жетті.