14 Қазан, 12:31 533 0 Нұр Отан Арайлым Бимендиева

Birgemiz: Түркістанда көмекке мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден берілді

Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Birgemiz» қоры арқылы тағы 100 мың отбасына қаржылай көмектесу жөніндегі тапсырмасына орай «Nur Otan» партиясы мен өңір әкімдіктері «Birgemiz» қорымен бірлесіп V транш бойынша 50 мың теңгеден берді.

Түркістан облысы бойынша Түркістан қаласының 4 852 отбасы аталған көмекке ие болды. Олардың ішінде аз қамтамасыз етілген, көпбалалы отбасылар 2 273 болса, көмекке мұқтаж 2 404 мүмкіндігі шектеулі азаматқа да көмек берілді.

Сонымен бірге мүгедек бала күтімімен отырған 15 отбасына және ҰОС мүгедектері және оларға теңестірілген 160 адамға 50 мың теңгеден аударылды.

Мұқтаж отбасылар тізімі Түркістан қаласы әкімдігінің тиісті бөлімі базасындағы дерек бойынша және партияға келіп түскен өтініштер де негізінде әзірленген.

Жалпы Түркістан облысы бойынша «Birgemiz» қоры арқылы 38 907 отбасына 50 мың теңге берілді.

Соңғы жаңалықтар