14 Қазан, 11:47 672 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

ДДСҰ қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеуден өткізуге келісім берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеуден өткізуге ресми түрде келісім бергенін мәлімдеді.

«Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау мақсатында 2020 жылғы 17 қыркүйекте Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының базасында қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеудің I кезеңін жүргізуге рұқсат берілді. 17 қарашада II кезеңнің клиникалық зерттеулері және 2021 жылдың 24 сәуірінде III кезең аяқталады», – деді министр.

Еске сала кетсек бұған дейін Алексей Цой COVID-19 вирусына қарсы вакцина жалпы қазақстандықтардың 15 пайызына салынатынын мәлім еткен еді.

Соңғы жаңалықтар