13 Қазан, 20:39 590 0 Спорт Әлия Тілеужанқызы

Криштиану Роналду коронавирус жұқтыpды

Португалия ұлттық құрамасының капитаны және италияндық Ювентус клубының футболшысы Криштиану Роналдудан коронавирус инфекциясы анықталды.

Ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиындарын бастаған аяқдоп шебері коронавирусты анықтау тестін тапсырып, нәтижесінде футболшыда COVID-19 вирусы бар екені анықталған.

Осылайша оқшаулану режиміне ауысқан футболшы алдағы 14 қазан күні Ұлттар Лигасы шеңберінде Швеция ұлттық құрамасына қарсы өтетін ойынға қатыса алмайды.

Соңғы жаңалықтар