Қазбек Майгелдинов: Праймериз дәстүрімізде бұрыннан бар

Қазбек Майгелдинов: Праймериз дәстүрімізде бұрыннан бар

Қазбек Майгелдинов: Праймериз дәстүрімізде бұрыннан бар
ашық дереккөзі
Саясаттанушы Қазбек Майгелдинов праймеризге қатысты пікір білдірді. Сарапшының айтуынша, праймериз бізге таңсық дүние емес. – Біздің салтымызда бұл дәстүр бар, біз тек оны жаңартып, жандандыруымыз керек. Ертеректе билер би болу үшін ел аралап, халықтың мұңын тыңдаған, дау-дамайды сол жерде шешуге тырысқан. Осылайша мықтылары іріктеліп, билікке келген. Бізге де қазір сол қажет. Бұрын телеарналар жастар арасында дебат ұйымдастырып, талай көшбасшыны тәрбиелеп шығарды. Қазір өкінішке қарай, бұл үрдіс үзіліп қалды. Праймериз оны жандандырады деп үміттенемін, саяси науқан біткеннен кейін де республикалық телеарналар мықты жастарды іріктеп, тәрбиелеумен айналысуы керек.