Сарапшылар праймериз қорытындысын талқылады

Сарапшылар праймериз қорытындысын талқылады

Сарапшылар праймериз қорытындысын талқылады
ашық дереккөзі
#NurOtanTrends алаңында «Nur Otan» партиясы праймеризінің қорытындысы» тақырыбындағы кезекті отырыс өтті. Бағдарлама барысында саясаттанушылар, сарапшылар және праймериз қатысушылары – Айдос Сарым, Аида Әбибуллаева, Әлібек Әлденей, Ерлан Саиров, Әлия Әбсеметова, Қазбек Майгельдиновтер праймериз туралы ой бөлісті. Елімізде алғаш рет өтіп отырған сайлаудың жаңалығы мен пайдасы жан-жақты талқыланды. Модератор – Нұрмұхамед Байғара. «Праймериз Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. Әйтсе де, аймақтардағы саяси процесті қалыптастыруға үлес қосты. Біз 30 жыл ішінде тұрақтылықты басқа да мәселелерді басты орынға қойдық та, аймақтардағы саяси жағдайға көңіл бөлмедік. Егер аймақтарда саяси процесс болмаса, орталықта міндетті түрде көшеде халық сөйлейтін болады. Себебі ел – аймақтардан құралады. Праймериз арқылы аймақтардағы әкімдерге сөз айта алатын, халықтың пікірін жеткізе алатын азаматтарды іріктедік. Екіншіден, өңірлерде 120 мәслихат, 3 335 депутат бар. Олардың 2 пайызы ғана жастар. Ал праймеризден кейін жастардың үлесі 25 пайызға дейін артуы мүмкін. Жалпы депутат корпусы 80 пайызға дейін ауысатын болады» – дейді саясаттанушы  Ерлан Саиров.