Қазақстан Түркияға әуе рейстерін қысқартты

Қазақстан Түркияға әуе рейстерін қысқартты

Қазақстан Түркияға әуе рейстерін қысқартты
ашық дереккөзі
Бүгіннен бастап Түркияға әуе рейстерінің саны қысқарды. Сондай-ақ, Қазақстан өзге мемлекеттермен қосымша әуе қатынастарын жандандырмайтын болды.  Елімізге коронавирус індетінің таралуы бойынша екінші санатқа жататын мемлекеттерден  келетін жолушылардың қолында коронавирус жұқтырмағанын растайтын тест қорытындысы болуы шарт. Анықтаманың жарамдылығы небәрі 3 күн. Мерзімі өтіп кеткен жағдайда жолаушы 2 күнге оқшауланып,  қажетті сынама тапсырады. Індет жұқтырғаны расталған жағдайда, инфекциялық ауруханаға жатқызылып, емделеді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер мен Өзбекстаннан көлікпен келушілерден де анықтама талап етіледі. Олар шекарадағы бақылау-өткізу пункттерінде тексеріледі. Еске сала кетейік, өткен аптада Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуын шектеу үшін басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату қажеттігін айтқан еді. Сондай-ақ, министр бүгінге дейін әуе қатынастары ретке келтірілген елдермен әуе рейстерін арттырмауды ұсынды. Айта кетсек, 26 қыркүйектен бастап Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге әуе рейстері жанданды. «Air Astana» әуе компаниясының хабарлауынша, әзірге бұл рейске тек Қазақстан мен Ресей Федерациясының азаматтары және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар адамдар қабылданады. Сондай-ақ, 20 қыркүйектен бастап Қырғызстанға халықаралық рейстер қайта жаңартылған еді. «Air Astana» компаниясының ұшақтары Алматы – Бішкек бағыты бойынша аптасына 2 рет ұшады.