Нұр-Сұлтанда көмір бағасы қанша?

Нұр-Сұлтанда көмір бағасы қанша?

Нұр-Сұлтанда көмір бағасы қанша?
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанға жеке сектор тұрғындары үшін көмірдің жеткілікті көлемі жеткізілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі. "Қатты отынның жалпы қоры 2 қазандағы жағдай бойынша 10 570 тоннаны құрайды. Елордаға 1 маусым мен 5 қазан аралығында 1962 вагон, яғни 136 561 тонна көмір келді. Оның ішінде қыркүйек айында – 44 вагон немесе 2967 тонна "Майкүбі" көмірі, 6 вагон немесе 414 тонна "Қаражыра" көмірі", деп хабарлады елорданың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы. Елордалықтар қатты отынды он бір сату нүктесінен ала алады, олар келесі мекен-жайларда орналасқан: Герцен, 4/1, 40-ст.; Герцен, 6 Б; Көктал, 28/1; Жұбанов, 35; Литейная, 44; Дулатов, 182/1, Центр бетон; Жабаев, 68; Мақат, 40. Орташа баға көмір сортына қарай және жеткізу қызметін қоспағанда, 9500 теңгеден 13000 теңгеге дейін. Сонымен, бір тонна "Шұбаркөл" көмірі 12750 теңгеден, "Қаражыра" – 12700, "Майкүбі" – 13000, "Богатырь" – 9500 теңгеден сатылуда. Қатты отын бағасы, түрлері мен мөлшері туралы толық ақпаратты 109 сенім телефоны арқылы алуға болады. Отын алдын-ала сатып алынып, қараңғы және құрғақ жерде сақталса, қасиеттерін жоғалтпайды. Басқарманың мәліметі бойынша, қыста елордада орта есеппен 500 мың тонна көмір тұтынылады. Естеріңізге сала кетейік, елордалық төтенше жағдайлар департаменті жеке сектор тұрғындарын жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауға шақырады. Мемлекеттік орган келесі ережелерді сақтауды ұсынады: - пешті 50х70 см өлшемді металл төсегіш жабдықтау қажет; - пештің жанғыш құрылымдардан өртке қарсы қашықтығы кемінде 26 см болуы керек; - түтін құбырының ішкі бетінен қорғалмаған жанғыш құрылыстарға дейінгі ара қашықтық 50 см-ден, ал қорғалған жанғыш құрылыстарға дейін ара қашықтық 38 см-ден кем болмауы тиіс; - пештің қатты қызуына жол бермеу, пештерде және оларға жақын жерде отын, киім және басқа да жанғыш материалдарды құрғатпау; - пештерді жағу үшін жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға, жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға; - құрамында қызған және бықсыған материалдар бар күл мен қож оттықтан шығарылғаннан кейін өрттің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын және сумен төгілмейтін арнайы бөлінген орынға шығарылуы тиіс. Айта кету керек, қаланы газдандыру жұмыстары жалғасуда. Тұрғын алаптарда үйлерді газбен жабдықтау желілеріне қосу үшін тегін техникалық шарттар алуға фронт-офистер ашылды. Осы жылыту маусымда Железнодорожный, Промышленный, Көктал-2, Көктал-1, Агроқалашық (ішінара) тұрғын аудандарындағы үйлер газбен жылыта алады деп күтілуде. Сондай-ақ үстіміздегі жылы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 қазандықтарының бір бөлігін газға ауыстыру жоспарланып отыр.