Маңғыстау облысында 102 пікірсайыс өтті

Маңғыстау облысында 102 пікірсайыс өтті

Маңғыстау облысында 102 пікірсайыс өтті
ашық дереккөзі
Қазақстанда тұңғыш рет өткізіліп тұрған партияішілік іріктеу праймеризге қатысуға Маңғыстау облысы бойынша жалпы саны 347 кандидат тіркелген. Қазіргі таңда 32 кандидат праймеризге қатысудан бас тартып, сәйкесінше 315 кандидат ақтық мәреге жетті. Облыстың тоғыз өңірінде жүргізілген үгіт науқаны бойынша 102 жария пікірсайыс ұйымдастырылып, аталған шараларға 1347 адам қамтылды. 30 қыркүйек күнгі есеп бойынша үгіт жүргізу жұмысына кандидаттардың 95 пайызы белсене қатысуда. Үгіт жүргізу жұмысы барысында облыс тұрғындарынан 800-ге жуық өтініштер мен ұсыныстар келіп түсті. Мұның басым бөлігін Мұнайлы ауданы (220) мен Ақтау қаласының (129) тұрғындары тарапынан айтылды.