Министр елімізде тәулігіне қанша маска өндірілетінін айтты

Министр елімізде тәулігіне қанша маска өндірілетінін айтты

Министр елімізде тәулігіне қанша маска өндірілетінін айтты
ашық дереккөзі
Медициналық маскалар өндіретін отандық кәсіпорындар тәулік сайын 900 мың маска шығарады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты.  «Бүгінгі күні қоймаларда 15 млн маска бар. Оның ішінен 10 млн масканы «СҚ-Фармация» ЖШС-на келісім негізінде жеткізілуде. Сондай-ақ кәсіпорындар тауарды жөнелтуге дайын. Ал медициналық қолғаптар өндірісі бойынша күн сайын 330 мың жұп қолғап шығарылады. Қоймаларда қазіргі күні 7 млн жұп қолғап бар. Осы жылдың қарашасында қуаты тәулігіне 530 мың жұпқа дейін ұлғайтылады», - деді ведомство басшысы. Министрдің айтуынша, фармацевтика саласының 33 компаниясы жылына 3,9 млрд таблетка мен капсула, 922 дәрі препаратын өндіреді. Пандемияның екінші толқыны жағдайында аталған кәсіпорындар дәрілердің қажетті бөлігін қамтамасыз етуге дайын.