Джон Кеннедидің 2 лимузині аукционға шығарылды

Джон Кеннедидің 2 лимузині аукционға шығарылды

Джон Кеннедидің 2 лимузині аукционға шығарылды
ашық дереккөзі
Джон Кеннеди мінген екі Lincoln автокөлігі Америка Құрама Штаттарында Bonham сауда үйі аукционға шығарды. Оның біріншісі – кабриалет. Ол бұл көлікпен Техас штатына, Далласқа іссапарға шыққан. Бірақ сол сапарында АҚШ президенті атып өлтірген болатын. 1963 жылғы шыққан Lincoln осы қайғылы оқиғадан кейін бірнеше мұражайда болды. Сол кезде көлік біраз жөндеуден өтіп, қозғалтқышы жаңадан ауыстырылып, боялған болатын. Ал көліктің іші түртілмей, сол күйде сақталған. Құны 300 000-нан 500 000 долларға дейін бағалануда. Екінші көлік – Lincoln Continental Mark V. Кеннеди бұл көлікпен Вашингтонға барарда мінетін. Қалай лауазымы өсіп, президенттік қызметке келісімен көлік Ford Motor Company компаниясына қайтарылды. Артынан жеке біреулер оны сатып алыпты. Кейінгі жылдары да көлік тек жеке коллекцияларда болған. Сол кезде жөндеуден өткізіліп, лимузиннің оқ өтпейтін есіктер, жолаушылар бөлімі мен жүргізуші арасындағы бөлгіш терезе, телефон және климаттан бақылауы кіреді. Мұның бәрі интерьер сияқты түпнұсқада сақталған. Көліктің бағасы – 200,000 – 300,000 доллар.